Басты бет

М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Басқару және Бизнес» жоғары мектебі 1992 жылы Қазақ химия-технологиялық институтының  «Экономика, өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау» кафедрасының негізінде құрылған.

Бүгінгі таңда М.Әуезов атындағы ОҚУ «Басқару және Бизнес» жоғары мектебінің құрамында 6 кафедра жұмыс істейді: «Экономика», «Менеджмент және маркетинг», «Қаржы», «Есеп және аудит», «Экономикалық теория», «Халықаралық туризм және сервис».

Жоғары оқу орындарында экономикалық жоғары білімі бар мамандарды дайындау бұл қазіргі заман талабы. Осы мақсатта ЖМ-те нарық жағдайында сұранысқа ие келесі:

6В04110-5В050600 -  «Экономика»;

6В04140-5В050900 -  «Қаржы»

6В04130-5В050800 - «Есеп және аудит»;

6В04120-5В050700 - «Менеджент»;

6В04150-5В051000 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару»;

6В04160-5В051100 - «Маркетинг»;

6В11110-5В090200 - «Туризм»;

6В11111 - «Қонак үй бизнесі және мейрамхана ісі » мамандықтары бойынша студенттерді жан-жақты дайындау жүзеге асырылуда.«Басқару және Бизнес» жоғары мектепте ғылыми-педагогикалық қызметпен ғылым докторлары, ғылым кандидаттары және магистр оқытушылар айналысады. Олардың арасында «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегерлері, АҚШ, Еуропа елдерінің ЖОО-да ғылыми тағылымдамадан өткен профессор-оқытушылар бар. 2004 жылдан бастап:

7М04110 - «Экономика»,

7М04160 - «Маркетинг»,

7М04120 - «Менеджмент»,

7М04140 - «Қаржы»,

7М04130 - «Есеп және аудит»,

Сонымен қатар факультетте 2014 жылдан бастап MBA - Іскер әкімшілік магистрі бойынша магистратура ашылды.

Сондай-ақ, 2010 жылы факультетте 8D04110 - «Экономика» мамандығы бойынша PhD докторантура ашылды.

Оқу процессінде оқытудың заманауи технологиялары: кредиттік жүйе, кейс-технология, оқытудың интерактивтік және инновациялық әдістері енгізілген.

«Басқару және Бизнес» жоғары мектебінің профессор-оқытушыларының құрамымен жыл сайын 150-ден аса оқулық, оқу құралдары, электрондық оқулық, әдістемелік нұсқаулар шығарылуда, оның 75%-ы мемлекеттік тілде. 

«Басқару және Бизнес» ЖМ студенттерінің әскери кафедрада оқуға және академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатыса отырып шет елдердің жоғарғы оқу орындарында бір семестр оқып келуге мүмкіндіктері бар.

2017 жылдың қыркүйек айынын 01 жұлдызынан бастап факультет  "Басқару және бизнес" жоғары мектебі болып қайта құрылды.  

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың "Басқару және бизнес" жоғары мектебі халықаралық стандартқа сай білім бере отырып, жастардың жан-жақты кәсіби тұлға етіп қалыптасуына зор жағдай жасайды. Талапты жастарға сапалы білім беріп, айқын бағыт-бағдар беру біздің басты міндетіміз!

 "Басқару және бизнес" жоғары мектебінің деканы э.ғ.к., доцент Сейдахметов М.Қ.