15-қараша ұлттық валюта күні

                13 қараша күні «Қаржы» кафедрасының ұжымы онлайн форматта мансап апталығы мен ҚР ұлттық валютасы теңге күніне арналған іс –шара өткізді.
                Мансап апталығын өткізудегі мақсат бітіруші түлектерге болашақ жұмыс орнын таңдауға және практикадан өтуді ұйымдастыруға көмек көрсету болып табылады. Аталмыш іс-шараға «Bank RBK» АҚ ШФ директорының орынбасары Ахат Эльмира, «Сагындыков и К» ЖШС менеджері Бейсебаева Меруерт, «Жинақ банкі» АҚ ЕБ филиалының менеджері Нұрмахан Асылзат қатысты. Олар өздері қызмет ететін мекеме туралы баяндап, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Қазақ елі үшін ағымдағы жылғы бірқатар атаулы күндермен қатар, мән-маңызы жағынан беделі жоғары күн - ұлттық валютамыз теңгенің айналымға енген күні. Осыған орай кафдераның аға тәлімгері Қалтаева Д.Б. ұлттық валюта теңге күніне арналған баяндама жасап, соңынан бейне ролик көрсетілді.4