5В090400 «Әлеуметтік-мәдени сервис» мамандығы білім беру бағдарламасында 1-ші орынға ие болды!

2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында белгіленген маңызды міндеттердің бірі - жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингіне қатысуы. «Халықаралық туризм және сервис» кафедрасы осы үдерісте белсенді түрде қатысып келеді, сондықтан сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік жүргізген Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингіне сәйкес «Халықаралық туризм және сервис» кафедрасының  5В090400 «Әлеуметтік-мәдени сервис» мамандығы  білім беру бағдарламасында 1-ші орынға ие болды. Сондай-ақ НААР рейтингінің нәтижелері бойынша кафедра 5В090200 - «Туризм» оқу бағдарламасы бойынша 2 орын алды.