"Ақиқат" клубының пікірсайыс турниры

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз" мерекесіне орай "Басқару және бизнес" жоғары мектебінің деканының кубогына арналып ұйымдастырылған "Ақиқат" пікірсайыс турнирі болып өтті. Турнирге қаламыз және облысымыздағы ЖОО-ның пікірсайысшы студенттері келіп қатысты. Жеңімпаздар "Басқару және бизнес" жоғары мектебінің деканы М.Қ. Сейдахметовтің кубогын алды, алғыс хаттар және бағалы заттармен марапаттталды.