Ашық есік күні болып өтті.

Басқару және Бизнес жоғары мектебінің ұйымдастыруымен Шымкент қалалық Білім бөліміне қарасты мектеп бітіруші түлектермен университетімізде «Ашық есік күні» болып өтті.  Ашық есік күніне келген түлектер мамандықтар, университетіміз және тестілеу жайында өздеріне керекті тың мәліметтерге ие болып, қажетті  сұрақтарына жауаптарын ала білді. Университетіміз және жоғары мектеп жайында толық мәліметтер беріліп, жас түлектер мен университет түлектері және жұмыс берушілері арасында қызықты сұхбат болып өтті. Жиын соңында мектеп оқушыларына университетімізде арнайы экскурсия ұйымдастырылды.