“ Басқару және Бизнес” ЖМ деканы Сейдахметов М. Қ. белсенді студенттерге алғысын білдірді.

Қазақстан - халқы татулыққа ұйыған, жастары жасампаздыққа ұмтылған ел. Бір буын ауыспай - ақ , мүлдем басқа сипаттағы жаңа ұлт , жаңа ел болдық. Күллі әлем таныған, құрметтеп теріне оздырған беделді мемлекетпіз. Мұның бәрі бір күнде, бір сәтте бола салған жоқ. Жиырма тоғыз жылда екі ғасырға татитын еңбек сіңіргендіктен ғана қос ғасырға бергісіз табысқа жеттік. Бұл табысқа күллі қазақстандықтардың, оның ішінде, біздің жоғары мектебіміздің белсенді студенттерінің қосқан үлесі орасан зор деп білеміз.
Осы орайда 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні және Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығы қарсаңында университетіміздің және жоғары мектебіміздің қоғамдық жұмыстары мен түрлі іс-шараларына белсенді түрде қатысқаныңыз үшін алғыс білдіреміз.
Алдағы уақытта оқуда озат болып, білімнің биік шыңдарынан көрініп, қоғамдық жұмыстарда белсенділік таныта беруіңізге тілектес бола отырып “ Басқару және Бизнес” ЖМ деканы Сейдахметов М. Қ. белсенді студенттерге алғысын білдірді.