Бизнес және коммерцияландыру

Кафедра меңгерушісі:

Сатымбекова Қатира Батырхановна

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

Мекен-жайы:   160013, Шымкент қ, Тауке хан даңғылы 5,  М.Әуезов атындағы ОҚМУ, бас ғимарат,  431, 437/, 430 бөлме
Сымтетік:  21-36-77

Профессор-оқытушылар құрамы

Түзету әрекеттерінің жоспары

 

Жалпы мәлімет
        «Бизнес және коммерцияландыру» кафедрасы 2009 ж. құрылған. «Салалық экономика» кафедрасының тарауы негізінде 12.07.2011 ж. М..Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры № 212-к бұйрығымен құрылған.
        Кафедраның міндеттері: Қазақстанның жедел дамуы мен экономикалық, саяси және мәдени жаһандану жағдайында сапалы бәсекеге қабілетті кәсіпті білім берудегі жеке тұлғаның, мемлекет пен бизнестің қажеттіліктерін қанағаттандыру.
        Кафедраның негізгі мақсаты – білім беру жүйесін жаңғырту арқылы экономикалық кеңістікте Қазақстанның инновациялық бәсеке қабілеттігін арттыру үшін жоғары кәсіпті мамандарды дайындау және ғылыми-техникалық жобаларды өңдеу.
        «Бизнес және коммерцияландыру» кафедрасы қызметінің басымдықтары:
-   ЖОО инновациялық дамуына бағытталған жаңа стратегия және кафедраның бірлігі негізінде оның тұрақты дамуын, жеке тұлғаның білім және интеллектуалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруды, қазақстандық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуын қамтамасыз ету;
-   ұлттық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды және білім беру сапасын арттыру;
-   халықаралық білім беру қызметі нарығына қатысу аймағын кеңейту;
-   ғылыми өңдеулердің халықаралық нарығына шығу;
-   тиімді ғылыми жұмыс және студенттердің сапалы оқуы үшін жағдай жасау;
-   кафедраның қызметкерлерінің әлеуметтік және құқықтық қорғауын қамтамасыз ету;
-   университеттің әлеуметтік бағдарламаларына қатысу және оны жүзеге асыру үшін еңбек жағдайын жақсарту мақсатында оқытушылардың, қызметкерлер мен студенттердің толыққанды өмірі және жеке дамуы үшін жағдай жасау;
-   университеттің даму  саясатын қалыптастыру, оны жүзеге асыруға қатысуды қамтамасыз ету үшін өзін-өзі қаржыландыру есебінен тиімді қызмет ету, еңбек және тұрмыс жағдайлары қауіпсіздігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету.
 
Оқу – әдістемелік жұмыс   

«Бизнес және коммерцияландыру» кафедрасы қызметінің маңызды бағыттарының  бірі оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Кафедраның ОПҚ СМЖ ОҚМУ ПР7.03-2015 Оқу-әдістемелік үрдісті басқару стандартын басшылыққа алады.

Әдістемелік жұмыс оқу үрдісін жетілдіру және қамтамасыз ету мақсатында, оқытудың жаңа технологияларын ендіру және жасау, оқытушы педагогикалық құрамның педагогикалық іскерлігін арттыру болып табылады.

Кафедраның әдістемелік жұмысы кафедраға бекітілген пәндерді оқытуды жетілдіруге, оқу үрдісін оңтайландыру және қарқындандыруға, оқу әдістемелік қамтамасыз етуді жақсартуға, ОПҚ педагогикалық біліктілігін арттыруға бағытталған.

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы қамтиды:

1) Оқу жұмыс бағдарламаларын, оқулықтар,оқу-әдістемелік кешендер, оқу-әдістемелік құралдар, сонымен қатар, электронды таратпаларда дидактикалық материалдар, пәнді оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар, ағымдағы және аралық, қорытынды бақылау жұмыстарын жасау;

2) Қазіргі заманғы технологияларды және оқыту формаларын жасау және қолдану;

3) Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету және ұйымдастыру,  іздену қабілеттілігін дамыту, қорытынды қызметтерін талдау жасай алуын қамтамасыз ету;

4) Магистранттардың диссертацияларын, барлық педагогикалық, ғылыми-зерттеу, кәсіби іс-тәжірибелерін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;

2015-2017 ж.ж. аралығында кафедрада шығарылған әдістемелік жұмыстар: оқу құралдары, лекциялар жинағы, іскер ойындар жинағы, кейстер жинағы және әдістемелік нұсқаулықтар.

 Кафедрада әдістемелік семинар жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

- кафедрада оқытылатын пәндерді оқу-әдістемелк қамтамасыз етуін талқылау;

- ашық дәрістерді өткізу сапасын талдау;

- оқытудың жаңа әдістерін жасау, талқылау және ендіру;

- ЖОО ішілік коференцияларға, дөңгелек столдарға, семинарларға және көрмелерге қатысу;

- озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіу және оқытушылардың әдістемелік жұмыстарына ендіру.

 
Ғылыми-зерттеу жұмыстары
        2011-2017 жылдары «Бизнес және коммерцияландыру» кафедрасында шифр Б-11-09-03 «ОҚО әлеуметтік – экономикалық дамуы» (тақырып жетекшісі – э.ғ.к. Ибраимова С.С.) тақырыбында мемлекеттік бюджет бойынша ғылыми жұмыс сәтті орындалды.  Қол жеткізілген нәтижелер: оқу құралдары, халықаралық ғылыми – тәжірибелік және республикалық конференциялар еңбектерінде ғылыми мақалалар баспадан жарық көрді.
        2011-2017 оқу жылдарында кафедраның ОПҚ 198 ғылыми мақала шығарған, соның ішінде: алыс шет елдерде  – 40, атап айтсақ импакт-фактормен - 4; халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциялар еңбектерінде - 70 мақалалар;  республикалық басылымдарда - 50 мақала, аймақтық ғылыми – тәжірибелік конференцияларда - 38 мақала.
        2016-2020 жылдарға мемлекеттік бюджеттік ғылыми – зерттеу жұмысының жаңа тақырыбы бекітілген: «Экономика салаларындағы кәсіпкерлік тиімділігі және оның аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуына әсері».  Кафедраның мемлекеттік бюджеттік ғылыми – зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау Қазақстан Республикасы мен ОҚО экономика мен қоғамдағы кәсіпкерлік ролінің арту мәселелерімен байланысты.
        Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің дамуы көптеген мәселелермен кездесуде, атап айтқанда ол ақпараттық, қаржылық, институционалды, білім беру мәселелері. Кәсіпкерлік класының қалыптасуы нарықтық экономикаға бағытталған кез-келген қоғамның тұрақтылығы үшін қажет. Жеке кәсіпкерліктің дамуы кәсіпкерлікпен айналысуды мақсат еткен кез-келген адамға бизнес бастау үшін мүмкіндік береді.
        Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша кафедрада «Кәсіпкер»  студенттік ғылыми үйірмесі және «Жас кәсіпкерлер» студенттік ғылыми қоғамы жұмыс істейді. Онда техникалық және экономикалық мамандықтар бойынша оқитын 86 студенттер үйірменің мүшелері болып табылады.
 
Магистратура

Кафедрада 6М052000 – «Іскерлік әкімшілік ету» мамандығы бойынша магистранттарды даярлау лицензия №12019073, 20.04.2014ж қосымша 004 сай жүргізіледі. (ғылыми педагогикалық – 2 жыл, бейіндік – 1 жыл).

Қазіргі уақытта білім беру бағдарламасын жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамымен 2 экономика ғылымдарының докторы, 5 экономика ғылымдарының кандидаты, 2 PhD докторы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Бейсенова М.У., э.ғ.к., доцент Ускенов М. «Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды.

2016-2017 оқу жылында 6M052000 - Іскерлік әкімшілік ету  Білім беру бағдарламасы  Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз Қазақстан агенттігінде  мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті және 2017 жылы білім беру бағдарламаларының рейтингінде 1орынды иеленді.

2014-2017 оқу жылдары білім беру бағдарламасының магистранттары  саны 37 құрады, олардың 7 мемлекеттік білім беру грантында оқыды. Кафедраның ПОҚ-мен магистранттар бірлесе отырып магистратура «2016-2018 жж. арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің конкурсы», «Stаrtup for young M.Auezov SKSU, Шымкент, 2016» атты ғылыми жобаларға белсене қатысады.

  Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда магистранттар мақалалары жарияланды:

- The Fifth International Conference on Economic Sciences – Vienna, 2015, р. 17-23 с.;

- «Әлемдік ғылымның стратегиялық мәселелері – 2015» XI Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары».  Przemysl қ., Польша.2015; 

- «Ғылым және технологиялар: болашаққа қадам - 2015» XI Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары» Publishing House “Education and Science” s.r.o. (Чехия, Прага, 2015),

- «XXI ғасырдағы экономика және басқару: даму тенденциялары» XXXIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары» (Ресей, Новосибирск, 2016), 

- XXXVI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары «Қазіргі заманғы экономика мәселелері» (Ресей, Новосибирск, 2017).

Г.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің ғалымдарымен бірге магистранттар шет елдердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларында мақалалар жариялады

 (Asian Transactions on Basic  Applied (ATBAS ISSN: 2221-4291),  Volume 05, Issue 02, р. 1-7 c.

6M052000 – Іскерлік әкімшілік  ету мамандығы магистранттары  жетекші университеттерде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті:

- Г.В. Плеханов атындағы Ресей  экономикалық университеті, Мәскеу қ;

- Қырғыз Республикасының халықаралық университеті, Бішкек қ;

- Ташкентский университет информационных технологий, г.Ташкент;

- Қырғыз - Ресей Славян университеті, Бишкек және т.б.

  

 
Тәрбие жұмысы
 «Бизнес және коммерцияландыру» кафедрасының тәрбие жұмысының жоспары келесі бағыттар бойынша орындалады:

·         Ұйымдастыру жұмыстары
·         Азаматтық - патриоттық және құқықтық тәрбие
·         Рухани-адамгершілік тәрбие
·         Кәсіби және еңбек бағытында тәрбие беру
·         Діни толеранттылықты қалыптастыру
·         Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру
·         Экологиялық тәрбие беру
·         Интеллектуалдық және коммуникативтік мәдениетті дамыту
·         Мәдени-эстетикалық және полимәдениеттік тәрбие беру
·         Студенттің өзін-өзі басқару жүйесін және жастар бастамаларын дамыту

Кафедраның ОПҚ көрсетілген іс-шараларға белсенді қатысуда: «Білім күні»,  «1-қазан Қарттар күні», «Халықаралық студенттер күні», «ҚР Тұңғыш Президент куні», «Казахстанның Тәуелсіздік күні», «8-наурыз – халықаралық әйелдер күні», «Наурыз мейрамы» «Қазахстан халқының бірлігі күні» және  «Жеңіс күні».

               Кафедраның ОПҚ төмендегідей іс-шаралар өткізілді:

  • Халық ҚаҺарманы Бауыржан Момышұлының 105 жылдығына арнап дөнгелек үстел  ;
  • бизнес –кейстерді шешу бойынша «Кемел кәсіпкер» тақырыбында чемпионат;
  • № 4 жатаханада «Тәуелсіздікке 25 жыл» атты дөңгелек үстел;
  • Университеттің ішкі істер департаменті және жастар саясаты мамандарымен барлық мерекелік іс-шараларына қатысты және т.б.