Дін тақырыбында кездесу

01.03.2018 ж. «Басқару және бизнес» жоғары мектебінде студент жастардың діни сауаттылығын көтеру мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналған мамандардың қатысуымен кездесу болып өтті. Кездесуге Шымкент қ. Қаратау ауданыдық Байғұт баба мешітінің наиб имамы Қалшабеков Е., ОҚО «Дін мәселелерін зерттеу» орталығының мамандары Заманханов Б., Баққараев Д., Темірханов Б., «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаментінің маманы Төлеген Ж., «Басқару және бизнес» ЖМ аға тәлімгер Пазилов Ғ.А., кафедра аға тәлімгерлері Садыбек Е., Садықов Ж., Сариева Ж., Қарабаева Ш., Абдыкулова Д. және жоғары мектеп студенттері қатысты. Кездесу барысында мамандар Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздегі діни ахуал туралы айтып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.