Экономика

        
    
Кафедра меңгерушісі
 
Тулеметова Айгүл Саиновна
 
Экономика ғылымдарының докторы, профессор​

 
 
    
Мекен жайы: 160050, Шымкент қ., Тауке-хан-5, «Экономика» кафедрасы, бас ғимарат, 422 каб.
Телефон:  21-10-36
E-mail: aygul.tulemetova@mail.ru
 

Профессор-оқытушылар құрамы

Түзету әрекеттерінің жоспары

Кафедра тарихы

«Экономика» кафедрасының негізін ертеректе қалыптасқан Қазақ химия-технологиялық институтының – «Экономика, өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау» кафедрасы құрайды. Технологиялық оқу орнының құрамында бола отырып, кафедра инженер-экономистер дайындығын жүргізді. Алғашқы түлектер 1969 жылы шықты.

 

Профессорлық-оқытушылық құрам

Кафедраның  ПОҚ 2015-2016 оқу жылы 26 адамды құрайды. ПОҚ штаттық құрамы 100%, яғни 24 штаттық оқытушы және 3 қосымша істеушілер. Ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың үлесі  2015-2016 оқу жылында 64% құрап отыр: штаттық оқытушылардың ішінде 3 – профессор, 14 доцент, 11 аға оқытушы, 9 магистр және 1 оқытушы. Мемлекеттік тілде сабақ жүргізе алатын оқытушылар үлесі штаттық оқытушылардың 92% құрайды. ПОҚ-ның мамандарды дайындау бейінділігіне  сай базалық  білімі бар. ПОҚ орташа жасы – 45жас.

Кафедра оқытушылары: Альжанова А.А., Калманова Н.М., Полежаева И.С., Досмуратова Э.Е. экономикалық мамандықтағы студенттерге сабақты ағылшын тілінде жүргізеді.
 

Оқу-әдістемелік жұмыс

Кафедраның барлық пәндері мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мемлекеттік тілде оқитын студенттердің үлесі - 69,1%. «Экономика» кафедрасының іс-әрекетінің маңызды бағыттарының бірі – оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру болып табылады. Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысының негізгі мақсаты дәрістерді және семинар сабақтарын, СӨЖ және ОСӨЖ ұйымдастыру және өткізудің, курстық жұмыстарды дайындау және қорғаудың, дипломдық жұмыстар мен бизнес-жоспарлар тақырыптарының аясында студенттердің ғылыми зерттеулер орындауларының сапасын жоғарылату; кекйстар, іскерлік ойындар, презентациялар қолданып сабақтар өткізу және т.б. Кафедра ПОҚ дайындаған ғылыми-әдістемелік жұмыстары оқу үдерісінде кеңінен қолданылады.

2014-2015 оқу жылында «Экономика» кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес оқу жұмыс жоспарлары негізінде мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде орындалды.

Кафедраның барлық пәндері бойынша типтік оқу бағдарламалары бар және олармен қамтылу 100% құрады.

Кафедра оқытушылары факультет және университет деңгейінде өткізілген әдістемелік семинарларға белсенді қатысуда. ПОҚ –ның дайындаған оқу-әдістемелік жұмыстары (оқулықтары, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулары, электрондық оқулықтары) М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де жыл сайын ұйымдастырылатын аймақтық әдістемелік форум аясында ұйымдастырылған көрмеге қойылды.

Кафедраның ПОҚ оқу үдерісінде интерактивті оқыту әдістерін белсенді түрде қолданылады. Кафедраға бекітілген 419 аудиториясында интерактивтік тақта сабақтарды, ғылыми және әдістемелік семинарларды жүргізуге арналған.

Бұл жерде әрбір оқытушы тақтаны пайдаланып, дәріс өте алады. Дәріс және практикалық сабақтарда оқытушылар кейстар, іскерлік және рөлдік ойындар қолданып, есептер шығарады және мәселелі жағдайларды қарастырады.
 

Кафедраның тәрбие жұмысы

«Экономика» кафедрасының тәрбиелік жұмысы тәрбиелік жұмыс жоспары бойынша жүргізілді. Осы тәрбиелік жұмыс жоспарына сәйкес кафедра өзінің іс-шаралар жоспарын жасап, бекітеді.

«Экономика» мамандығы бойынша 12 академиялық  топ оқиды: 8 қазақ және 4 орыс тобы. Әр топқа топ тәлімгерлері бекітілген.

Тәлімгерлер оқу кестесіне енгізілген тәлімгерлік сағат кестесі бойынша әрқашан тәлімгерлік сағатар өткізеді. Академиялық топтың тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес, әр тақырып бойынша тәлімгерлік сағаттар өткізіледі.

Тәлімгерлік сағатар және іс-шаралар келесідей бағыттармен өткізілді: азаматтық - патриоттық және құқықтық тәрбие; рухани-адамгершілік тәрбие; кәсіби-еңбек тәрбиесі; діни толеранттылықтың қалыптасуы; дене тәрбиесі және салауатты өмірді қалыптастыру; экологиялық тәрбие; интеллектуалдық және коммуникативтік мәдениетті дамыту; мәдени-эстетикалық және полимәдениетті тәрбие; студенттік өзін-өзі басқаруды және жастар бастамасын дамыту.

2015 жылдың 1 қыркүйегінде «Экономика» кафедрасында бірінші курстармен бірге жиналыс өткізілді және «Білім жөнінде» ҚР –ның Заңы, университеттің ішкі тәртібі, оқу үдерісі, қоғамдық өмірге араласу сұрақтары бойынша кафедра меңгерушісі Тулеметова А.С., аға тәлімгер Садыбек Е.К.,Молдагазиева Г. М. және кафедра  эдвайзері Сапарбаева Э.А. сөз алып, талқыға салды.

  

Ғылыми зерттеу жұмысы

Кафедраның ғылыми зерттеу жұмысы «ОҚО салалары мен сфераларында индустриалдық- инновациялық дамыту, салааралық интеграция және ұйымдық формаларды модернизациялау мәселелері» мемлекеттік бюджет  тақырыбы бойынша орындалады.  Ғылыми жетекшісі: э.ғ.д., профессор Бейсенова М.У.

Шаруашылық келісім-шарттар бойынша ҒЗЖ орындалады.

1. Келісім шарт № 279 Инновациялық жоба «Сұр топырақ үшін спецификалық ерекшеліктері мен поликомпонентті минералды тынайтқыштын синтезінің ғылыми негіздерін әзірлеу және оның технологиясын жасау» (ҚР БҒМ). Орындаушы: Есиркепова А.М., Байнеева П.Т., Жантасова Д.М. ( 30,130 млн. тенге)

2. Келісім шарт  №412 Инновациялық жоба «Ферробалқыма өндірісі үшін техногендық қалдықтардан күйдірілген хромитті түйіршіктер алу технологиясын жасау» (Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттігі). Орындаушы: Жантасова Д.М. ( 17,821 млн. тенге)

3. «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен «Қайталама ресурстарды басқару және қалдықтарды азайту» жобасын орындау. Орындаушы Есиркепова А.М. сомасы 2800000 теңге.

ОҚМУ және Ленгір қаласының әкімшілігі аппаратымен Ленгір қаласының 2016-2030жж. Даму кешенді жоспарын жасау шеңберінде сомасы 3500000 теңге. Ғылыми жетекшісі Есиркепова А.М.
       

Кафедраның негізгі ғылыми және шығармашылық нәтижелері:

- э.ғ.к., профессор Тулеметова А.С. 2013-2014 оқу жылында «М.Әуезов атындағы ОҚМУ үздік профессоры номинациясының жеңімпазы болып табылды.

- э.ғ.к., доцент Куттыбаева Д.А. ҚР білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «ҚР –ның білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды.

-э.ғ.к., доцент Айдарова А.Б. республикалық байқаудың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері болып табылды.

-э.ғ.к., профессор Байнеева П.Т. республикалық байқаудың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері болып табылды.

2014-2015 оқу жылында кафедраның ПОҚ –9 оқу құралы, 13 монография, 135 ғылыми мақалаларды әр түрлі басылымдарда жариялады,  14 мақала - импакт-фактормен, 13 мақала - Республикалық рейтингтік басылымдарда, 4 мақала – жақын және 1-алыс шетел еңбектерінің жинағында, 60 мақала – ҚР-да өткізілген халықаралық конференцияларының еңбек жинақтарында, 35 мақала – ҚР-да өткізілген республикалық ғылыми-практикалық конференцияларының еңбек жинақтарында,  8 мақала басқа журналдарда жарияланды.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Нұрлы жол – бағдарламасын жүзеге асыруда – жас ғалымдардың үлестерін қосу» атты жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша 18-ші студент-тік ғылыми конференцияда 37 мақала студенттермен бірге жарияланды.

 

Талапкерге

5В050600-Экономика мамандығы бакалавриатының білім беру бағдарламасы.

Бұл мамандықтың бакалавры экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы міндеттерді шешуге, замануи технологияларды қолдануға, ақпараттарды өңдеуге, шешім қабылдауға  қатысты арнайы теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдылардың кешенін игереді. Оның тәуекел және белгісіздік жағдайда, дәстүрлі емес мәселелер мен тәжірибелік міндеттерді шешу үшін жеткілікті теориялық дайындығы болуы қажет. Шығармашылық, белсенді кәсіби және әлеуметтік қызметке, экономикалық және өзге де басқару қызметтері шегінде  тәжірибелік міндеттерді сапалы орындауға дайын болуы тиіс, сонымен бірге  өндірісті ұйымдастыру негіздері, қоғамның даму заңдылықтары, материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үдерістерінде адамдардың экономикалық әрекеттері туралы теориялық білімі болуы керек.

Экономика мамандығының бакалавры 6М050600 «Экономика» мамандығының магистрлік бағдарламасы бойынша білімін жалғастыра алады. Оқу мерзімі – 1 (бейінді) және 2 (ғылыми педагогикалық) жыл. Біліктілігі және академиялық дәрежесі: Экономика магистрі.

Бакалаврлардың кәсіби қызмет нысандары:

Барлық формадағы кәсіпорындар мен фирмалар, мекемелер, ұйымдар мен экономиканы мемлекеттік реттеуді басқару органдары, нарықтық инфрақұрылымдар, ҒЗИ және оқу орындары.

 

Мамандануы

5В050600-Экономика мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының шеңберінде салалар бойынша мамандандыру қарастырылмаған, бірақ келесідей мамандандырулар ұсыныс ретінде қарастырылады:

- мұнай өңдеу және мұнай химия өнеркәсібі экономикасы;

- құрылыс материалдар өнеркәсібі экономикасы;

- тамақ өнеркәсібінің экономикасы.

Бұл мамандандырулар бойынша оқыту таңдау пәндерінің жиынынмен қамтамасыз етіледі.