Экономикалық теория

    
    
        
Кафедра меңгерушісі
 
Мергенбаева Азиза Тоймахамбетқызы
 
Экономика ғылымдарының кандидаты

  
 
    
    
    
Мекен жайы: 160013, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Тауке-хан  даңғылы  5,  М.Әуезов атындағы ОҚМУ,  бас ғимарат,  408 бөлме,  сымтетік:  8 (7252)   21 – 14 – 01
 
Профессорлық-оқытушылар құрамы
 
Кафедраның тарихы және тынысы
        «Экономикалық теория» - Қазақ химия-технологиялық институты  ашылғалы бері жұмыс істеген алғашқы кафедралардың бірі "Саяси экономия" деп аталды. Экономикалық процестердің интеграциялануы мен жаһандану жағдайында нарықтық дүниетанымның қалыптасуындағы фундаменталды кафедра болып табылады.
        Кафедраны әр жылдарда басқарған: Джунусбаев М.Д., Нурашева К.К., Назарбекова Д.Б., Райымкулулы С., Утемисова Г.Т., Шерстюк В.Ю., Рахметулина Ж.Б., Уразбаева Г.Ж., Сейтбекова С.Т., қазіргі таңда кафедра меңгерушісі  Мергенбаева А.Т.
        Тәлім-тәрбие беру мақсатында келесі ұрпаққа қалдырылған өнегелі ұстаздардың еңбек жолдары мен іс-тәжірибелері, өсиеттері, ұстанымдары зор мәнге ие болып отыр. Университет бітірушілерінің есінде өшпес естеліктер қалдырған  ғалымдар мен тәжірибелі оқытушылар: Детковская Э.С., Ли Ч.Х., Джунусбаев М.Д., Шим А.Я.,  Мырзабекова З.М., Ауэшова К.П. және т.б.
        Кафедраның профессорлык-оқытушылар құрамы ҚР-ның экономикасының мәселелерін ғылыми шешімдерін іздестіруде ҒЗЖ мемлекеттік бюджеттік  «Үдемелі индустриалдық инновациялық даму жағдайындағы Оңтүстік аймақтың тұрақты дамуының ғылыми тәжірибесінің негіздері» тақырыптағы  зерттеу жұмыстарымен айналысады. Оның қорытындысы болып жыл сайынғы 50-ден аса ғылыми мақалалардың алыс-жақын шетелдердегі рейтингтік импакт-факторлы басылымдарда, алыс-жақын шетелдердегі журналдарда,  республикалық рейтингтік басылымдарда; ҚР-дағы аймақтық, республикалық және халықаралық конференциялардың басылымдарында жарыққа шығуы болып табылады. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы оқытушылардың кандидаттық және магистрлік диссертацияларында пайдаланылған, олар Утемисова Г.Т., Темирова Ж.Ж.,  Кожамкулова И.Е., Жуманова Г.М., Мауленбердиева Г.А.,         ал Шерстюк В.Ю., Уразбаева Г.Ж., Колдасова Л.С., Абишова А.У.   монографияларында.
        Кафедра доценты Г.Ж. Уразбаева «Химическая технология неоргани-ческих веществ» кафедрасымен бірлесіп «Исследования изменения содержания санитарно-эпидемилогических, токсикологических и радиологических соеди-нений в томатах, моркови, кукурузе и сое-бобовых культурах при применении гумат содержащих сложно-смешанных NPK-удобрений пролонгированного действия для обеспечения экологической безопасности» атты ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қатысты.
        2015 жыл бойынша кафедраның ПОҚ  44 ғылыми мақалаларды жариялады, оның ішінде: импакт-факторлы журналдарда – 1-мақала; басқа да журналдарда – 1-мақала, халықаралық конференцияларда (алыс және жақын шет елдер) – 1-мақала, Республикалық журналдарда (ВАК) – 3-мақала; Республикалық, аймақтық және басқа да конференцияларда – 17-мақала; халықаралық конференцияларда (ҚР) – 21-мақала.
        ҚР БҒМ Ғылым комитеті 2015-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар аясында фундаменталды және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша гранттық  қаржыландыру шеңберінде қаржыландырып отырған «Мемлекет – жеке меншік әріптестігінің нысаны ретіндегі жоғары білім берудің дуалдық оқыту жүйесінде кәсіпкерлерді ынталандыру тетіктерін әзірлеу» атты жобаға кафедраның аға оқытушысы Ө.К. Досалиев қатысып отыр. Жоба жетекшісі-«Қаржы» кафедрасының доценті, э.ғ.к. Исаева Г.К. (жоба құны – 2 750 689 тг.,12.02.15. күнгі №77-9 келісім-шарт, Астана қ., «ҚР БҒМ Ғылым комитеті» ММ).
        2015 жылы кафедра оқытушылары студенттермен бірлесіп (жалпы саны – 131) университеттің және факультеттің өткізген конференцияларына қатысты.
        «Экономикалық теория» кафедрасында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бекітілген СҒЗЖ жоспарына сәйкес жүргізілді. «Нұрлы жол – бағдарламасын жүзеге асыруда – жас ғалымдардың үлестерін қосу»  атты жаратылыстану, техникалық,  әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша 18-ші студенттік ғылыми конференциясына 57 студент қатысты, оның ішінде 19 жоспардан тыс, және 14 мақала баспадан шықты. Марапатталған студенттер саны 19 болды.
        «Экономикалық теория» секциясының экономикалық ғылымдар бойынша факультет деңгейіндегі студенттердің «100 нақты қадам – индустрияландырудан жаңашылдыққа ену»  атты 19-ші ғылыми конференциясында – 74 студент белсенді қатысты. Қатысушылар санының көптігіне байланысты экономикалық мамандықтардан, экономикалық емес мамандықтардан және ағылшын топтарынан көптеген белсенді студенттер арасындағы баяндамалар бөлек тыңдалып, нәтижесінде оларды марапаттау да  сәйкесінше жүргізілді. Жүлделі орын алғандардың саны – 18, алғыс хатпен марапатталғандардың саны –26. Жалпы марапатталған студенттер саны 44 болды.
        Студенттердің ғылыми баяндамаларында зерттелетін тақырыптың мақсаты мен міндеті, мәселенің өзекті тәсілдері мен шешу жолдары және ғылыми жаңалықтарының бар екендігі, қосымша видео-ролик  пен презентациялық көрсетілімдердің жоғары сапада көрсетілуі көрініс алды.

  

  

  

        ҚР-ның жаңа саяси жағдайындағы мемлекеттің экономикалық саясаты, елдегі экономикалық жағдайларға және атаулы күндерге арналып студенттер мен оқушылар арасында «Экономикалық теория» пәнінен пәндік олимпиадаларды өткізу жыл сайынғы дәстүр болып қалыптасқан.
        Жыл сайын кафедрада дәстүрге айналған «Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша қазақ және орыс топтарының бірінші және екінші курс студенттері арасында пәндік олимпиада өткізіледі.
        Олимпиадада студенттер «Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша өздерінің білімділіктерін, тапқырлығын, сауаттылығын және мықтылығын көрсетеді, сонымен қатар әлемдегі және Қазақстандағы экономикалық жағдайлар туралы ақпараттандырылғанын көрсеткендігінің арқасында жеңімпаз белгіленеді. Соңғы Олимпиада нәтижесі бойынша келесі жүлделі орындар берілді:
        Бірінші орынды «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің студенттерінен жиналған команда алды:  Хайнова Ольга ФК-15-1р1, Джумаджанова Зарина ФК-15-1р1, Алибекова Камшат ФК-15-6к1, Напилдаева Арайлым ФК-15-6к1, Рахым Мадина ФК-15-6к1, Жолдасбекова Айгерим ФК-15-2к1, Ибадуллаева Айдана ФК-15-2к1– жетекшілері: Кожамкулова И.Е., Мауленбердиева Г.А.
        Екінші орынды  «Филология» факультетінің студенттерінен жиналған команда алды: Зиябек Балжан ФИ-14-2р, Данеш Арайлым ФИ-14-3р1, Жасузак Гульмира ФИ-14-10р, Убайдуллаева Орынкуль ФИ-14-3к1, Гаппар Жанар ФИ-14-3к1, Әтемтай Жанар ФИ-14-1к1 – жетекшілері: Утемисова Г.Т.,  Оразалиева Э.А.
        Үшінші орынды  «Жаратылыстану-педагогикалық» факультетінің студенттерінен жиналған команда алды: Мурат Ілияс ЕП-14-6к, Умир Қазына ЕП-14-1к1, Адилбекова Наргиза ЕП-14-4к, Артықбаева Дарига ЕП-14-7к, Абай Асылзат ЕП-14-1ка, Оңалбай Айжан ЕП-14-1ка  – жетекшілері: Абишова А.У., Жуманова Г.М.
        Барлық жеңімпаздар тәтті сыйлықтар алды. Ұйымдастыру және студенттердің олимпиадаға дайындалғандығының арқасында олимпиада өте жоғары деңгейде өтті.

  

  

  

        Кафедрада талантты жас оқытушылар мен қызметкерлер, өзінің ісіне кәсіби  берілген  мамандар  қалыптасқан,  олар:  Оразалиева Э.А.,  Колдасова Л.С.,  Жуманова Г.М.,   Досалиев У.К.,  Мауленбердиева Г.А.,     Оспан Б.И.
        "Экономикалық теория" кафедрасының ПОҚ, оқыту әдістемесін жетілдіре отырып, оқытудың әлем мойындаған инновациялық технологияларымен дәлелдеген  жаңа материалды игеру тиімділігін меңгеріп алған. Соңғы 3 жылда кафедра оқытушылары біліктілікті арттыру курстарынан өтті: 2016 жылы э.ғ.к., доцент Мергенбаева А.Т.  – Жалпы қор «Мүмкіндіктер мен тең құқық» Қырғызстан Республикасы, Жалал-Абал қ., э.ғ.к., доцент Темирова Ж.Ж. – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; 2015 жылы э.ғ.к., доцент Утемисова Г.Т. –  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2015 жылы э.ғ.к., доцент Кожамкулова И.Е.  –  М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2014 жылы аға оқытушы Оспан Б.Л. – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, э.ғ.к., доцент Сейтбекова С.Т. – Ұлттық орталық Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы", Шымкент қаласы, э.ғ.к., доцент, Абишова А.У. –Training Certificate in English course GIG NEW WAVE STUDIO, Shymkent.
        Кафедраның жетістіктері жоғары мектептің басқарудың әртүрлі деңгейінде бағаланған. Утемисова Г.Т. «ҚР-ның үлгілі білім және ғылым қызметкері» төс белгісімен, Уразбаева Г.Ж. «Үздік дәріскер», Л.С.Колдасова  «М.Әуезов атындағы ОҚМУ  үздік аға оқытушысы» атағымен марапатталды.
        Оқытушылардың оқу материалдарын тиімді меңгеруі  әдістемелік талдауларынан көрінеді. Кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстарының нәтижесі 100-ден аса дәріс және семинар сабақтарын жүргізудің әдістемелік талдаулары мен іскерлік ойындар, кейстер және оқу құралдарын, видеолекциялар дайындаудан көрінеді. 2015 - 2016 оқу жылында кафедра оқытушылары 23 ОӘӘ дайындап баспадан шығарды. Оның ішінде 7–уі оқу құралы, ал осы ОӘӘ 45% мемлекеттік тілде жазылған. Кафедрада электронды оқытудың интербелсенді әдістері қолданылған мультимедиялық құралдар бар. Сонымен қатар сабақтар ағылшын тілінде жүргізіледі. Оқытушылар – жаңалықтар Уразбаева Г.Ж., Шерстюк В.Ю., Абишова  А.У. сабақтарды оқытудың жаңа әдістері мен формаларын белсенді іздестіреді.
        «Экономикалық теория» кафедрасының ұжымының басшылығымен   «Экономика және қаржы» факультетіні деңгейінде факультет оқытушылары және ЭФ-14-1к1,1к1,2к1,2к2,5к1,5к2  топтарының студенттерімен  бірлесе отырып ардагерлер күніне орай «Ұстаз – ұрпақ тірегі» атты тақырыпта «Экономика және қаржы» факультетінің ардагер-ұстаздарымен кездесу өткізді.
        2015 жылдың 2-қазанында ЭФ-14-1к1,1к1,2к1,2к2,5к1,5к2 тобының студенттерімен ардагерлер және ұстаздар мерекесін атап өтуге байланысты «Ұстаз – ұрпақ тірегі»  атты тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу студенттермен даярланған бағдарламаға сәйкес сәлемдесумен басталып, ұстаздар күнін атап өту тарихымен бүгінгі күнгі ұстаздардың қоғамда алатын орны туралы баяндамамен жалғасты. Келесі кезекте ұстаздарға арналған арнау – әндер, домбырадағы күйлер орындалды, студенттермен дайыдалған әзілдер мен  факультет тарихы мен өмірінен слайд-көріністер тамашаланды. Кездесу соңында факультет деканы Сейдахметов М. ардагер ұстаздарды құттықтай отырып, ерең еңбектері үшін алғысын білдірді, сый-сыяпат жасалды. Факультетке еңбегі сіңген э.ғ.д. Ниязбекова Р.К. және э.ғ.к. Райымқұлұлы С. өз сөздерінде ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Қоғамда қалыптасқан саяси тұрақтылық, ауызбіршілік,  сыйластық, адамдардың бір-біріне деген мейірімділігін сақтауды біз өзіміз тәрбиелеп отырған студенттерімізге аманат етіп өтуге тиіспіз деп атап көрсетті.
        Бұл талқылаған тақырып студенттер арасында айтарлықтай қызығушылық тудырды. Олардың айтуынша, қазіргі әлемдік мәселердің бірі үлкенді құрметтеуді ұмытуға келіп тіреледі. Ол әлеуметтік дамудың басты факторларының біріне айналып отыр.

        “Экономикалық теория” кафедрасында 2015-2016 оқу жылында “Әйелдер кеңесінің” жұмысы белсенді түрде атқарылуда, 2016 жылдың 31 қантарында кафедра оқытушылары студентермен бірлесе отырып “ Ене мен келін арасынағы ара-қатынас” тақырыбында “Дөңгелек үстел” өткізілді.
        Cонымен қатар “Экономикалық теория” кафедрасының оқытушаларымен 17.03. 2016 жылы “Eңбек пен бақыт егіз” атты тақырыпта “Дөңгелек үстел” уйымдастырды. Аталған іс-шараға бірқатар  қонақтар шақырылды:
1)№1ШҚБА бас дәрігері, м.ғ.к  Укбаева Г.С.
2) ә.ғ.к Нурмадиева Н.С.
3) Университеттің әйелдер кеңесінің  төрағасы, т.ғ.к.  Сатаева Л.М.
4) Университеттің әйелдер  кеңесінің хатшысы Орынбекова Г.Б.

  

  

  

  

        Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласына қарасты №9 мектебінде және «Мирас» колледжі, «Болашақ» колледжі, «Отырар» колледжі, «ОҚЭ және С» колледждерінде бітіруші түлектермен кездесулер жүргізді. «Экономикалық теория» кафедрасының  оқытушылары   М.Әуезов атындағы ОҚМУ бұйрығына сәйкес, ОҚО Сайрам ауданы бойынша кәсіби-бағдар беру және үгіт-насихат жұмыстары жүргізу үшін іс-сапарға жіберілген.             
        Университет тарапынан кафедраға бөлінген, ОҚО Сайрам ауданына қарасты орта мектептерінде, №13 А.Навои орта мектептерінде, №41 М.Оразалиев атындағы орта мектептерінде, №44 «Мадани» орта мектебінде, №63 Қ.Сатпаев атындағы орта мектептерінде, №26 М.Қашқари атындағы орта мектебінде, №65 Ә.Мұзрапов атындағы орта мектептерінде, мектеп бітіруші түлектермен кездесулер жүргізілді. 
        Үгіт-насихат жұмыстар жүргізу барысында оқушыларға біздің университеттің барлық мамандықтары бейнеленген буклеттер мен жарнама плакаттары таратылып берілді, қойылған сұрақтардың барлығына қанағаттанарлық жауаптар алды. Сондай-ақ бұл оқу мекемелерінде біздің университеттің қызметтік өмірі  және қабылдау шарттары бейнеленген стенділермен безендірілген.
        Университеттің күнтізбесіне сәйкес жоғарыда аталған мектептерде кафедраның оқытушылары екі рет мектеп бітіруші түлектермен «Ашық есік» күндеріне шақырылды және кездесу өткізді.               
        Үгіт-насихат жұмыстарын күшейту мақсатында БАҚ-да келесі мақалалар жариаланды: Шерстюк В.Ю. «Старики-работники», газетінде «Панорама Шымкента» №29 (1361)  13.04.2016 ж. С.11                                     Сонымен қатар 20.04.2016 жылы Университет және факультеттің М.Әуезов атындағы ОҚМУ бітірген мемлекеттік, қаржы, мәдениет және бизнес құрылым өкілдерінің қатысуымен мектеп бітіруші түлектерге арнап, ұйымдастырған мерекелік концертіне  кафедраның оқытушылары қатысты.