Ел ертеңін ойлаған елбасы

30 қараша күні М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттік өзін-өзі басқару «Студенттік кеңесі», М.Әуезов атындағы ОҚУ «Jas Otan» ЖҚ және «Басқару және Бизнес» ЖМ белсенді студенттері ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай «Ел ертеңін ойлаған – Елбасы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өмірі мен сарабдал саясаты, халқының жарқын болашағын қалау жолындағы өлшеусіз үлесі туралы мәліметтер беру және студенттерге Елбасының ел үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету. Сонымен қатар, студенттерге өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Жиын басында, М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттік ректор м.а. Рахат Тағыбаев пен "Jas Otan" ЖҚ жетекшісі Ақдариға Мұхаддас және «Басқару және Бизнес» ЖМ студенттік деканы Батырхан Рысбаев Тұңғыш Президент күніне орай құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге білім-ғылым жолында сәттілік тіледі. Әрі қарай белсенді студенттер Алтынай Ержанова, Жакаш Меруерттің Елбасына арналған баяндамалары тындалды.

Аталмыш іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отыра оффлайн және онлайн форматта қатар өткізілді.