Елбасы Жолдауын талқылау

2018 жылдың 31 қаңтар күні бас ғимараттағы 312 аудиторияда  «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің Академиялық Кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы жылғы халыққа арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы талқыланды. Мәжіліске «Оқу және оқу әдістемелік жұмыстар бойынша» проректор Байболов Қ.С., «Басқару және бизнес» ЖМ деканы Сейдахметов М.Қ. және ОПҚ қатысты. Мәжіліс барысында Сейдахметов М.Қ. Елбасының биылғы жылғы Жолдауының мәні мен мағынасын, Жолдауда айтылған міндеттерді кеңінен түсіндірді.