Есеп және аудит

   
    
    Кафедра меңгерушісі:
    
Сатымбекова Қатира Батырхановна
    
Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент
           
    
Мекен жайы:   Шымкент қ., Тауке-хан  даңғылы 5,бас ғимарат, 414 бөлме 
Tелефон: 8 (7252) 211-401

Жалпы мәліметтер

            «Есеп және аудит» кафедрасы 1992 жылдың 7 мамырында құрылған. Кафедраны 1994-2004 жылдар аралығында  э.ғ.к. С.Ж. Жақыпбеков басқарды. 2005-2006 жж э.ғ.к. Б.И. Сатенов, 2006-2012 жж. э.ғ.к  Г.Ә. Иманова, 2012-2016 ж.ж. э.ғ.к., доцент Д. Жақыпбеков басқарды. 2017 жылдан кафедраны э.ғ.к. С.Т. Сейтбекова басқарып келеді. Есеп және аудит кафедрасының мақсаты – «Есеп және аудит» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандарттарына сай келетін мықты кәсіби білімі мен дағдысы, терең теориялық және практикалық тәжірибесі бар, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға бағытталған. Мамандарды дайындау келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі:

  • 6В04130 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша  бакалаврлар
  • 7М04130 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша магистрлер (ғылыми-педагогикалық)

            7М04132 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша магистрлер (бейіндік бағыт)

 Кафедраның оқу үрдісіне жоғары дәрежелі оқытушылар - ғылым докторлары мен профессорлар, ғылым кандидаттары мен тәжірибелі мамандар тартылады. Қазіргі таңда кафедрада э.ғ.д., профессор.,ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері С.Ж.Жақыпбеков, э.ғ.д., профессор А.М.Джуманов,  э.ғ.к. С.Ж. Жақыпбеков, э.ғ.к., ҚР кәсіби бухгалтерлері мен аудиторлары Ассоциациясының мүшесі Б.И.Сатенов,  э.ғ.к. Ж.К.Туребаева, э.ғ.к., доцент Ускенов М.  және аға оқытушылар С.С.Ахметова, Д.Б.Абдыкулова, К.А.Атенова,  В.М.Карибов, Н.Қ. Сарқұлова, Р.Ж.Тулегенова, В.Т.Тулебаева,  Байжанова Б.Ж. қызмет атқаруда.

             Бухгалтер – ғасырлар бойына сақталатын мамандық. Аталған мамандық бойынша білім алу кез-келген мекемелер мен кәсіпорындарда табысты қызмет ету мүмкіндігін береді. Нарықтық экономиканың қызмет ету механизмімен байланысты пәндерді оқып үйрену, сонымен қатар бухгалтерлік есептегі халықаралық стандарттар, өндірістегі шығындар есебі, бухгалтерлік есептің салалық ерекшеліктері тәрізді проблемаларды, оқу барысында талқылау, бітіруші түлектерге мемлекеттік мекемелерде, барлық нысандағы құқықтық ұйымдарда, нарықтық құрылым бөлімдерінде, ғылыми зерттеу мекемелерінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Кафедраның кадрларды қалыптастыру аясындағы саясаты негізгі кадрлық құрамды сақтау мен жас қызметкерлерді тарту және әрбір оқытушының біліктілігін арттыруға бағытталған.

            Халықаралық ынтымақтастық бойынша жүргізілген қызметі
        Қазақстандық жоғары білім беру жүйесінің халықаралық интеграциясын дамыту мақсатында және есеп, аудит саласында мамандар даярлауды қамтамасыз ету үшін, кафедра алдыңғы қатарлы шетел жоғары оқу орындарымен тығыз қарым қатынас жасайды. Кафедраның ОПҚ құрамы жыл сайын Қазақстан және шетел территориясында ұйымдастырылған түрлі халықаралық конференцияларға қатысады.
        Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде  2011 жылы «Ататюрк» университетінен  доктор PhD Шабан Мустафа Ерсунгур (Ерзурум қ.,Туркия) шақырылды. 2012 жылы 6 желтоқсанда кафедрада «Біртұтас экономикалық кеңістік жағдайындағы есеп пен аудиттің проблемалары» тақырыбында халықаралық семинар өткізілді. Келесі баяндамалар тыңдалды: М.В.Ломоносов атындағы ММУ «Есеп, талдау және аудит» кафедрасының меңгерушісі, «Содружество» бухгалтерлер мен аудиторлар Ассоциацияның  мүшесі э.ғ.д. профессор Суйц В.П.: «Евразиялық Одақ жағдайында есеп, талдау және аудиттің дамуы». Ж.Баласагун атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің «Экономикалық талдау және болжау» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.д. профессор Арзыбаев А.А. Т.Рыскулов атындағы Қаз ЭУ-нің «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.д. профессор Міржақыпова С.Т. Академиялық ұтқырлық аясында басқа жоғары оқу орындарымен тұрақты байланыс орнату және олардың профессорлық-оқытушылық құрамын курстар оқуға тарту жүзеге асырылады. М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нен э.ғ.д., профессор Суйц В.П., РХДУ-нен э.ғ.к. Петровская  М.В. дәрістер өткізді. Студенттер Ержанов С., Асенов С.Туркия еліндегі Баликесер университетінде, Кыдырбаева К., Архарова Р., Қабланова Ш. Латвия еліндегі Туриба  университетінде оқып келді. Кафедра әрқашан өз түлектерін мақтаныш тұтады. Біздің түлектеріміз экономиканың әр түрлі салаларында  қаржы директоры, бас бухгалтер, департамент және басқарма басшысы болып, жемісті қызмет етуде.

           «Есеп және аудит» кафедрасының ғылыми зерттеу жұмысы

           «Есеп және аудит» кафедрасында 2016-2020 жылдарына мемлекеттік-бюджеттік ҒЗЖ: Б-16-09-03 «Басқару есебі, салық есебі мен есептілігінің, сонымен қатар аудит пен талдауды жүргізудің мәселелерін зерттеу» тақырыбында бекітілді. 2016 оқу жылдан  бастап Б-16-09-03 «Басқару есебі, салық есебі мен есептілігінің, сонымен қатар аудит пен талдауды жүргізудің мәселелерін зерттеу» тақырыбы бойынша жүргізілуде.

            Бөлім 1. Басқару есебі, салықытық есеп пен есептілікті зерттеу (5 кезең. Экономика салаларындағы бухгалтерлік есепті жетілдіру ).

            Бөлім 2. Компанияның қаржылық есебін талдау (кезең 5. Басқару есебін ұйымдастыру мен салық есебін қалыптастыру).

            Министрлік және даму институттары қаржыландыратын  фундаменталды, қолданбалы және тәуекелді зерттеулер тақырыптары  бойынша  Ж.Е. Абылғазиеваның «ОҚО аудандарының ауылдық биолабораториялық кадастрларын өңдеу мен өсімдіктерін биологиялық әдіспен қорғаудың экономикалық тиімділігін бағалау» деп аталатын жұмысы конкурстан жеңіп  ҚР БжҒ министирлігінің Ғылым Комитетімен жалпы сомасы 2618807 теңгеге  №44 12 ақпан 2015 жылғы келісім шарт жасалды. Кафедраның педагогикалық оқытушылар құрамының  ғылыми еңбектері Thomson Reuters,  Scopus,  РИНЦ басылымдарында БжҒСБК ұсынған басылымдарда,  халықаралық конференцияларда, жақын шетелде халықаралық  конференция еңбектері жинақтарында, республикалық журналдарда  жарияланады. ҒЗЖ нәтижелері, оқу процессіне және  өндіріске енгізілуде. 2015 жылы  Д.С. Жақыпбековтың «Методология организации налогового учета и учетно-аналитического обеспечения управления налоговыми отношениями компании» деп аталатын монографиясы басылымнан шықты. Жақыпбеков Д.С., Карибов В., Бастыков Д. авторлығымен «Салық есебі және есептілігі»  оқу құралы баспадан шықты.

Кафедраның аға тәлімгері Абдыкулова Д.Б. кафедра студенттерімен университетіміздің 75 жылдығын тойлау қарсаңында

Кафедраның ПОҚ және "Есеп және аудит" мамандығының студенттері университетіміздің №4 жатақханасында іс- шара өткізу барысы

 

      «Есеп және аудит» кафедрасының э.ғ.д., профессор. А.М. Джуманов  «ЕвроАзия елдерінің бухгалтерлер және аудиторларының Ыстықкөл форумында» (Қырғызстан).
    

        Студенттік ғылыми-зерттеу жұмысы

         СҒЗЖ жоспарына сай келесідей шаралар жоспарланған:  студенттердің ҚР БҒМ тағы басқалар дайындаған, оның ішінде шетелдік ұйымдардың студенттік ғылыми-зерттеу және ғылыми-білім беру бағдарламаларды, жобаларды орындауға қатысуын ұйымдастыру,  студенттердің аймақтық, республикалық және халықаралық дәрежедегі студенттік ғылыми конференцияларға қатысуын ұйымдастыру,  университеттік ғылыми студенттік конференциясы қатысу және СҒЗЖ нәтижелерін конференция еңбектерінде жариялау.  Кафедрада «Жас бухгалтерлер клубы» СҒҰ қызмет етеді. СҒҰ жоспарына сай келесідей іс шаралар жоспарланады: СҒЗЖ тақырыптарын талқылау,  ғылыми семинар, пікір таластар   мен арнаулы тақырыптарда дөңгелек үстелдер өткізу. Студенттердің ҚР БҒМ тағы басқалар дайындаған, оның ішінде шетелдік ұйымдардың студенттік ғылыми-зерттеу және ғылыми-білім беру бағдарламаларды, жобаларды орындауға қатысуын ұйымдастыру мен студенттердің аймақтық, республикалық және халықаралық дәрежедегі студенттік ғылыми конференцияларға қатысуын ұйымдастыру жүзеге асырылуда. Сондай ақ студенттер «Әуезов оқулары» халықаралық ғылыми конференциясына белсене қатысады. ЭФ-14-7р тобының студенті Максутова Амина жоғары оқу орындары арасындағы Екінші Қазақстандық кәсіби конкурста 1 орынды иеленді

 

   СҒҮ «Жас бухгалтерлер клубы» мүшелері пікір алмасуда

СҒҮ «Жас бухгалтерлер клубы» мүшелері дөңгелек үстел басында   

                                                                                                                                              

        Оқу ғылыми өндірістік кешен  және іс-тәжірибе жұмысы
      Студенттердің іс-тәжірибесі жоғарғы деңгейлі мамандарды дайындаудың негізгі кезеңі болып табылады. Іс-тәжірибе өтудің басты мақсаты: Студенттердің  теориялық  білімдерін іс  жүзінде көрсетіп, болашақ мамандығы бойынша тәжірибе жинақтау болып табылады. Іс-тәжірибе өту барысында студенттер кәсіпорынның, мекеменің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуына үлкен мән беріп, бухгалтердің құқықтары мен міндеттерін жетік меңгеруі тиіс. Іс-тәжірибе өтудің басты объектілеріне: түрлі меншіктегі кәсіпорынның, мемлекеттік мекемелердің, банктердің, фирмалардың  есеп бөлімі болып табылады. Студенттер теориялық курсын бітіргеннен кейін  міндетті  түрде өндірістік іс-тәжірибеден өту қарастырылады. Әр түрлі курс студенттері теориялық курс соңында  әр түрлі іс-тәжірибе түрлерін, яғни «Есеп және аудит» кафедрасында және түрлі меншіктегі кәсіпорындардың  есеп бөлімінде өтеді.

        Оқу жоспарында іс-тәжірибенің келесі түрлері қарастырылған;

-Оқу (1 курс соңында);

-Өндірістік (2 және 3 курс соңында);

-Дипломалды (4 курс соңында).

5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша өндірістік іс-тәжірибе базалары

Өндірістік іс-тәжірибе базалары

Стратегиялық Серіктестіктеріміз

Оқу ғылыми өндірістік кешен жұмысы

→ЖШС «Шымкентхиммонтаж»

→ ЖШС «Шымкентқұс»

→ ЖШС «Строй сервис-7»

→ ЖШС «KazAuditFinance»

→ЖШС«Кентау Трансформатор Зауыты»

→ ЖШС «Назар Текстиль»

→ ЖШС «Демеу-кыземшек»

→ ЖШС «South Texiline KZ»

→ ЖШС «Арзан LTD»

→ ЖШС «ТЖС» «Түркістан ЖолСервис»

→ОҚФ АҚ «НГСК КазСтройСервис»

→ ЖШС «LЕON»

→ ЖШС «Ақсанат Инжиниринг»

→ЖШС «Барыс 2005»

→ ЖШС «ҚазҚұсБатареясы »

→ ЖШС «Тассай құс»

→ ЖШС «Шымкентқұс»

→ ЖШС «Строй сервис-7»

→ ЖШС «ҚазҚұсБатареясы»

→ ЖШС «Құм Тас»

→ ЖШС «Аманкелді»

→ ЖШС « КАМКОР» 

→ ЖШС «Forklift Service» 

Кафедра  мамандарды даярлаудың сапасын арттыру, әлеуметтік серіктестікті дамыту, оқу және ғылыми зерттеу жұмыстарының тиімділігі мен оқытушылардың біліктілігін жоғарылату мақсатында ОҒӨК тығыз жұмыс жасайды. 

Оқу ғылыми өндірістік кешендері

→ ЖШС «Капитал Тренд»

→ ЖШС «ЭКО-Барс»

→ ЖШС «South Print Corporation»

→ ЖШС «Аманкелді»

→ ЖШС «Шымкент құс»