Халықаралық туризм және сервис

 

 

«Халықаралық туризм және сервис» кафедрасының меңгерушісі

Әлеуметтану ғылымының кандидаты, доцент

Есенова Айман Ермухамедқызы

 

 

Адрес: Шымкент қаласы, Тауке хан даңғылы, 5. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті. Бас ғимарат, каб.435 және 441
Телефон: 21-15-26
 
►Профессор-оқытушылар құрамы
 
        Жалпы мәлімет, кафедра тарихы
        «Халықаралық туризм және сервис» кафедрасы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Басқару және бизнес» Жоғарғы мектебінің құрамына кіретін құрылымдық бөлімі болып табылады. Бакалаврларды дайындау университеттің миссиясына сәйкес жүзеге асырылады, заманауи ғылым беру ортасына сәйкес жоғары білікті кадрларды дайындау жүзеге асыруға келеді. Сонымен қатар ғылымды интеграциялау принциптеріне байланысты Оңтүстік Қазақстан Республикасының  туризм саласын дамытуда  болашақ мамандардың үлесі үлкен маңызыға ие.

  

               5В090200 «Туризм» және 5В090400 «Әлеуметтік мәдени және сервис», мамандықтары бойынша бакалаврлар дайындау білім бағдарламасына сәйкес 1996 жылдан бастап мемлекетттік лицензия негізінде жүзеге асырылып келеді. 2001 жылдан бастап мемлекеттік лицензия негізінде «Әлеуметтік мәдени және сервис» мамандығына қызмет көрсету саласының бакалавры акедемиялық дәрежесі беріліп келеді.

          

        Оқу әдістемелік жұмыс

        Кафедрадағы оқу әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты, оқу процессінің сапалы және тиімділігін көтеруге жағдай жасау болып табылады. Кафедрадағы оқу әдістемелік жұмыс кешенді іс-шаралар ұсынады: Оқу процессінің оқу әдісетемелік кешеңмен қамтамасыз ету, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру. Соңғы жылдары кафедраның оқытушылары 170  ғылыми мақалалар шығарды, оның ішінде жоғарғы рейтингке ие шетелдік білім және ғылым министрлігінің мақұлдаған  басылымдар, алыс жақын шетел журналдары мен Республикалық  конференцияларда. Кафедраның оқытушылары жыл сайын оқулықтар мен оқу құралдарын және басқада әдістемелік құралдар шығарады. Сонымен қатар оқытушы-профессорлар құрамы республикалық халықаралық ғылыми зерттеу гранттарына  белсенді қатысып отырады.Студенттердің аудиториялық және өзіндік жұмыстарын жетілдіру. Кафедрадағы оқу әдістемелік мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін міндеттерді шешу: «Оқу әдістемелік жұмыстар», пәнді оқытудың әдістерін жетілдіруге бағытталған, оқу процессін үздіксіз әдістемелермен қамтамасыз ету, ұсыныстарды еңгізу, ғылыми зерттеу жұмыстарын орындаудың нәтижелерін еңгізу, профессор-құрамының педагогикалық біліктілігін арттыру.  Білім берудің дамыту перспекивасының алдынғы қатарлы тәжірибелерін оқу әдістелелік жұмыстармен біріктіру. Оқу әдістемелік жұмыстарды басқару төмендегі мәселелерді қамтиды. «ұйымдастыру әдістемелік жұмыстар», оқу процессінің технологиясын ұйымдастыру, заңдылықтарын жаңа принциптерін, оқыту методикасымен мазмұнын жетілдіру. 

      Ғылыми зерттеу жұмыстары

      Ғылым және халықаралық ынтымақтастық «Халықаралық туризм және сервис» кафедрасының қазіргі және болашақтағы қызметтік бағытының негізгі бәсекелестік артықшылығы болып табылады. Кафедраның ғылыми зерттеу негізгі бағыттары. Қазақстан Республикасының қонақ жайлық индустриясы және туризм инфрақұрылым аймағындағы зерттеулер болып табылады. Кафедра іргелі зерттеушілік, баламалы және әдістемелік ғылыми зерттеулер мамандарды оқытуда даярлауда негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.   Негізгі бағыт студенттерді ғылыми қызметке белсенді қатыстыру соның ішіндегі ғылыми Турист, ғылыми кружогына. Кафедраның ғылыми зерттеу бағыттары: Туризм және сервисті дамытудың мәселесімен болашағы; Қонақ үй және мейрамханалық бизнес; туризм және бәсекелестік қабілетті дамыту; Халықаралық туристік нарыққа туристік өнімдерді жылжыту және жарнама; Туристік инфрақұрылмды дамыту.ж.т.б. Кафедра Қазақстанның және алыс жақын шетелдердің жоғары оқу орнындарымен ынтымақтастық мақсатта жұмыс жасайды, халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциялардың жұмыстарына қатысады.

     Кафедра Шымкент қаласы және Оңтүстік Қазақстан облысының қонақ үй және бизнес саласындағы туристік ұйымдармен ынтымақтастық мақатта екі жақты жұмыс жасалып келеді. Олар: ТОО «Center – AKTour», ИП «Hotel Shymkent», ТОО «Саэль тур», ТОО «Аль Рапия», ТОО «Сапарбай», Sapar Standart Hotel ТОО, «Atlas Tour» ТОО, «Азия Вояж Сервис» ТОО «K & Milla tour» ТОО «Комек Тур» «Нур Отау», ТОО «Максимум Уют», ТОО «Meyram Group», гостиница «Megapolis Hotel Shymkent», ТОО «Центр заключения бартерных сделок», ГККП  «Областная станция юных туристов», Авиа турагентство «Нур Ай и Ко», КММ «Сырдария-Туркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі», ТОО «Delux group & Сo», ТОО «Tarlan Service», ТОО «Dostyk tour Company», ТК «Олимпспорттур», ТА «Аянтур», ТОО «Маржан и К», ТОО «Куаныш», ТОО «Лайм Тур», ТОО «Клара-Центр-Сапар», ТОО «Рукия».

       Студенттерді сапалы дайындаудың негізгі факторы болып академиялық  ұтқырлық болып табылады. Әлемдік білім беру процессін біріктіру мақсатында студенттер оқу жоспарына сәйкес басқа елдердің жоғарғы оқу орныдарында іс-тәжірибеден және тағлымдамадан өту қарастырылған.

        ПР СМЖ ОҚМУ 7.11-2012 «Білім алушылардың акедамиялық ұртқырлығын ұйымдастыру» бойынша мынадай жоғарғы оқу орнындармен келісім жасалған: Унисерситет Туриба (Латвия), Университет Баликесир (Турция мемлекеті),  (Верхнесилезиялық экономикалық университеті (Польша), Университет Акдениз (Турция мемлекеті), Колледж Лландрилло, Конвей қаласы, (Ұлыбритания). 

 

Студенттің ғылыми зерттеу жұмыстары

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы, оқу, ғылыми және тәжірибелік үдерістері қызметтік әртүрлі формаларымен, шығармашылық еңбектің дағдыларын алуға мүмкіндік тудыратын табиғи байланысты, сонымен қатар, олимпиадаларға, жарыстарға, көрмелерге, студенттік семинарлар мен ғылыми конференцияларға, ғылыми-білім беру форумдарына қатысуды; ғылыми-зерттеу тәжірибелерін ұйымдастыруды; зерттеу жоспарының бітіруші біліктілік жұмысының орындауды; ғылыми басылымдарды дайындауды; ғылыми-зерттеу жобаларын орындауға қатысу; оқу-ғылыми және оқу-өндірістік орталықтарының шеңберінде зерттеу және жобалық жұмысын жүргізуді болжайды.

Жоғары оқу орнында студенттерді даярлау үздіксіз өздігінен білім алуға, ғылыми зерттеудің қазіргі әдістерімен таныстыруға және қисынды ойлау мен ойлау қызметін дамытуға сүйенеді. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаттары болып:

– таным мен зерттеудің ғылыми әдістерін меңгерумен шығармашылық кәсіби ойлау дағдыларын қалыптастыру;

–  білім беру, оқу, тәрбиелік, ғылыми және тәжірибе үдерістерінің тұтастығын қамтамасыз ету;

– әрбір студент үшін тұлғасының шығармашылық дамуына, ғылыми зерттеулерге және ғылыми-техникалық шығармашылыққа қатысуға өз құқығын жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызатын, жағдай жасау және дамыту болып табылады.

Кафедра студенттері жоғары мектеп, университет және республикалық деңгейде өтетін конференция, олимпиадаларға белсенді қатысады, атап айтатын болсақ:

  • 2017 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Халықаралық туризм және сервис» кафедрасы ұйымдастырған, «Әлеуметтік-мәдени сервис» мамандығы бойынша «Юг сервис» командасы  VII- Республикалық  студенттік пәндер олимпиадасында  1-орын иегері атанды;
  • 2017 жылы  Қарағанды қаласында өткен «Туризм» мамандығы бойынша VII- Республикалық  студенттік пәндер олимпиадасында  2-орын иегері атанды.

 «Халықаралық туризм және сервис» кафедрасында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бекітілген СҒЗЖ жоспарына сәйкес жүргізілді.

Кафедра студенттері 2017 жылдың 23-24 қараша айында факультет деңгейінде  өткен  экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің «100 нақты қадам-индустрияландырудан жаңашылдыққа ену»  атты 19-ші студенттік ғылыми конференцияның «Туризм» секциясына қатысып 29 баяндамалр тыңдалды, «Туризм» секциясына қатысқан студенттер дипломдармен марапатталды.

Алдағы уақытта СҒЗЖ белсенділігін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына   студенттердің қатысу санын арттыру арқылы көтеру қажет, сонымен қатар студенттердің  ғылыми жұмыстарын халықаралық деңгейге көтеру қажет: конкурстар мен олимпиадаларға, конференцияларға қатысуын күшейту, бұл өз кезегінде студенттердің кәсіптік біліктілігін көтеруге септігін тигізеді.  .

 

       Тәрбие жұмысы

      Кафедра профессор-оқытушыларының негізгі қызметінің бірі студенттерге жоғары сапалы білім берумен қатар, оларды рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық негізде тәрбиелеу болып табылады. Осы мақсатта жыл сайын көптеген іс-шаралар,  ұйымдастырылып өткізіліп тұрады. Барлық академиялық топтарда оқу жылына арналған жаңа 10 бағыт бойынша тәрбие жұмыстарының жоспарлары түзілген. Барлық тәлімгерлер бекітілген жоспар бойынша жұмыстарын ойдағыдай атқарып отырады. Топтарға тағайындалған тәлімгерлер апта сайын тәлімгер сағаттарын өткізіп, хаттамаларын жазып отырады..

      Жыл сайын  «Халықаралық туризм және сервис» кафедрасының ұйымдастыруымен "Халықаралық туризм күніне орай дөңгелек стол ұйымдастырып келеді.  Тәлімгерлердің жетекшілігімен ашық тәлімгерлік сағаттар ұйымдастырылып  отырады атап айтсақ: "Жастар нашақорлыққа қарсы", Дені саудың- жаны сау" т.б. Ашық тілімгерлік сағатты өткізудің мақсаты- студенттің салауатты өмір сүру қағидасын қалыптастыру, дені сау тұлғаны дамуына жағдай жасау болып табылады

    Жалпы кафедрадағы жоспар бойынша бекітілген іс-шаралар уақыты бойынша өтіліп отырады. Тәлімгерлер әр апталық тәлімгер сағатында студент жастардың адамгершілік, патриоттық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында тәрбиелік мәні зор әңгімелер жүргізіп отырады. Факультет тарапынан берілген тапсырмалар дер кезінде орындалады.     

     

Кафедра алдыңғы қатарлы білім беру технологияларын пайдалана отырып, облыстың экономикасының нақты секторының тәжірибесі, ел, қызмет көрсету саласын дамытудың халықаралық үрдістері, туризм және қонақ үй қызметтері саласында жоғары білікті мамандар дайындайды. Қызмет көрсету секторында мамандарды дайындау шеңберінде кафедра жоғары білім берудің «Әлеуметтік-мәдени қызмет және туризм», «Туризм» білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
Өңірдегі қонақжайлылық индустриясының қарқынды дамуын ескере отырып, соңғы жылдары Университет қонақжайлылық саласындағы әлемдік стандарттар бойынша мамандарды даярлауға бағытталған.