Қаржы

    
    
    
Кафедра меңгерушісі:
 
Бигельдиева Зарема Абдрамановна
 
Экономика ғылымдарының кандидаты,  доцент

    
    
        
Мекен-жайы:  Шымкент қаласы, 486018, Тауке-Хан даңғылы-5, ОҚМУ, Бас ғимарат 4 қабат  437  кабинет    
Телефон:  21-23-67,  Е-mail: Finance_ukgu@mail.ru

Профессор-оқытушылар құрамы

Түзету әрекеттерінің жоспары

       

       Кафедра туралы жалпы мәлімет

       1996 жылы 26 тамызда факультетте «Банк ісі» және «Салық және салық салу» маманданулары бойынша жаңа «Қаржы және несие» мамандығы ашылды. 2005 жылы «Қаржы және несие» мамандығы бойынша мамандар дайындайтын «Қаржы және несие» кафедрасы «Банк ісі» және «Салық және салық салу» кафедралары болып қайта құрылды. 2000 жылы «Қаржы және несие» мамандығы бойынша кафедраның алғашқы түлектері күндізгі бөлімде – 57 студент, сырттай оқыту бөлімінде 52 студент бітірді. Қазіргі таңда «Қаржы» мамандығы бойынша әртүрлі курстарда оқытудың барлық формалары бойынша 200-ден 300-ден астам студент білім алып жатыр. «Қаржы» кафедрасы ОҚМУ «Экономика және қаржы» факультетінің негізгі кафедралырдың бірі. Қазақстанның біркелкі білім беру саласында кафедра қызметінің мақсаты университеттің миссиясы болып көрінеді.

      «Қаржы» кафедрасы 2014 жылдың тамыз айында «Банк ісі» кафедрасы және «Салық және салық салу» кафедрасын біріктіру жолымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Экономика және қаржы» факультетінің құрамында құрылды. Кафедра үш мамандану «Банк ісі», «Салық және салық салу» және «Бағалы қағаздар нарығы және биржалық іс» бойынша бакалавриат және «Қаржы» магистрлік бағдарламасы бойынша магистрларды дайындайды. «Қаржы» кафедрасы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-н оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі және «Экономика және қаржы» факультетінің жетекші кафедралардың бірі болып табылады. Осы уақыт аралығында кафедра 3000 астам мамандарды даярлап шығарды, олар университетті бітіргеннен кейін экономиканың түрлі салаларында: қаржы, банк, салық, өндірістік бірлестіктерде, сақтандыру және инвестициялық компанияларда, мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындарда сәтті еңбек етуде. «Қаржы» магистрлік бағдарламасы бойынша бітірушілердің болашақтағы жұмыс орындары қазақстандық және халықаралық компаниялар, олардың шетелдердегі филиалдары мен өкілдіктері, коммерциялық емес ұйымдар, қаржы саласындағы мемлекеттік және жергілікті басқару органдары болуы мүмкін.

     Білім беру қызметін жүзеге асыру үшін кафедраға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шектеусіз мерзімге лицензиясы берілген. Мамандарды дайындаудың сапасы мен мазмұны мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес. Кафедра профессор-оқытушылар құрамының ғылыми дәрежесі мен деңгейі, міндетті оқу-әдістемелік әдебиеттер қамтамасыз етілуі, материалдық-техникалық базасы, оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі бақылау нормаларына сай. Орналытған тәртіп бойынша дайындалған және бекітілген оқу жоспарлары толығымен жаңа буын стандарттарына сай келеді. Кафедрада заманауи компьютерлік техникалармен жабдықталған лаборатория бар. Оқу үдерісінде арнайы қолданбалы бағдарламалар пакеті: "Проджект-Эксперт" (инвестициялық жобалардың бизнес жоспары құру үшін) және "Аудит-Эксперт" (кәсіпорынның қаржылық жағдайын болжау мен диагностикалауға, бағалауға арналған) және т.б.  пайдаланылады. Ақпараттық технологиялар орталығының көмегімен локальдық интра-сеть жасалды. «Қаржы» кафедрасының негізгі мақсаты өзінің білімі мен қабілетін өз бетінше жетілдіруге қабілетті, еңбек нарығының қазіргі деңгейі мен өлшемдеріне сай білікті, жетік, жасампаз, бәсекеге қабілетті, әлеуметтік-ұтқыр мамандар даярлау.

            Дайындық бағыты

           5В050900 - «Қаржы» (маманданулар: «Банк ісі», «Салық және салық салу», «Бағалы қағаздар нарығы және биржалық іс»).

            «Қаржы» мамандығының білім беру траекториялары:

Мамандық деңгейінің аталуы

Білім беру траекториялары

1

5В050900 «Қаржы» - бакалавриат

Банк ісі

Салық және салық салу

Бағалы қағаздар нарығы және биржалық іс

2

6М050900 «Қаржы» - магистратура

Қазақстанда қаржы нарығын дамыту

Қаржы саласында арнаулы салық режимі

           5В050900 «Қаржы» мамандығы бакалавриатының траекториялары

         «Банк ісі» - нарықтық экономика жағдайында қызмет ететін мамандарды дайындауға бейімделген траекториясы, себебі банктер қоғамның экономикалық өмірінде ақшаларды жылжытудағы, несиелік және есеп айрысу қатынастарында делдал болып табылады және ақша, валюта, төлем жүйесі операциялары бойынша көптеген қызметтер көрсетеді. Банк ісін білу банктерді клиенттермен қарым-қатынастарды сапалы деңгейде ұйымдастыруға ықпал етеді.

         «Салық және салық салу» - заманауи салық салу жүйесінің теориясы мен тәжірибесі негіздерін толық білетін мамандарды дайындауға бейімделген. Бұл траектория салық қызметі органында қызметкерлердің кәсіптік сапасына қойылған талаптың өсуі, сапалы мамандарды дайындауда салық менеджменті мен салық заңнамаларында қажетті ілімдерді меңгеруі талап етілген.

       «Бағалы қағаздар нарығы және биржалық іс» - бағалы қағаздардың әртүрлі түрлері сатып алынатын және сатылатын қаржы нарығында қызмет ететін мамандарды дайындауға бейімделген. Осы нарықтың қызмет етуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық үдерістердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мамандар нақты нарықтың қор биржасы бірнеше құралдарын, яғни бағалы қағаздарды қолдана алады.   

       5В050900 «Қаржы» мамандығы магистратура траекториялары:

«Қазақстанда қаржы нарығың дамыту»  - нақты траектория бойынша «мемлекеттік қаржылар, банк ісі және сақтандыру, бағалы қағаздар нарығы, салық және салық салу, ақша айналымы және қаржы менеджменті салалары бағытында Қаржы» мамандығы бойынша магистрлерді дайындау жұмысы жүзеге асырылады.

«Қаржы сферасында арнаулы салық режимі»  - нақты траектория бойынша мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдардағы қызмет ететін, банктер, қор биржалары, инвестициялық қорлары, салық органдары,  қаржы органдары салалары бағытында «Қаржы» мамандығы бойынша магистрлерді дайындау жұмысы жүзеге асырылады.

Траекториялар оқу жоспарларында элективті пәндерді көрсетілумен модульдерді қалыптастыру принципімен құрылғын.

Білім берудің нормативті мерзімі: өндірістен үзіліспен – бакалавриат – 4 жыл, өндірістен үзіліссіз – 2 жыл (жоғары білім беру негізінде), 3 жыл (техникалық және кәсіби беру негізінде). Білім алуды аяқтағанда қаржы бакалавры академиялық дәрежесі тағайындалады. 6М050900 «Қаржы» мамандығы бойынша магистрлерді дайындау 2012 жылдан бері жүзеге асып келе жатыр. Білім берудің мерзімі – 2 жыл (ғылыми-педагогикалық), 1 жыл (профильдік) қазақ және орыс тілдерінде. Бітірушілерге 6М050900 «Қаржы» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистры (профильдік бағыт) және экономика ғылымдарының магистры (ғылыми-педагогикалық) академиялық дәрежесі беріледі. Қаржы мамандығы бойынша бакалаврлар қаржыларды ұйымдастыру және басқару, микро және макро деңгейде ақша-несиелік және фискалдық саясатты жүргізеді. Осы саладағы бакалаврлар компаниялардың қаржылық жағдайын талдау, табыстарды арттыруға мүмкіндік беру, шығындар мен тәуекелдерді төмендету, сапалы қаржылық қызметтерді ұсына отырып нарықтық сұранысты қанағаттандыру қажет. Қаржы бакалавры жергілікті, аймақтық және республикалық мемлекеттік органдарда, банктерде, биржаларда, қаржылық және сақтандыру компанияларында, инвестициялық қорларда, ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Ұлттық Банкінде, қазынашылық органдарында, мемлекеттік емес зейнетақы қорларында, түрлі деңгейдегі әкімшілік жанындағы қаржылық басқармалар мен бөлімдерде, кәсіпорындардың қаржылық қызметінде және меншіктің барлық түріндегі ұйымдарда, яғни талап етілетін жоғары кәсіптік білім қызметінде қаржы бойынша бас және жетекші маман, қаржы бойынша маман, қаржылық директор, коммерциялық менеджер, қаржылық талдаушы, аудитор немесе тексеруші, сыртқы экономикалық қызмет бойынша маман болып қызмет атқара алады. Қазақстандағы жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде және еңбек нарығының, студенттердің сұранысына сәйкес оқытылатын пәндердің құрамы үнемі жаңарып отырады.

       Кафедра қызметкерлері

     Кафедраның педагогикалық ұжымы қаржы саласында көп жылдық тәжірибесі бар жоғары білікті ғылым докторлары мен кандидаттары, магистр оқытушылардан құралған. Кафедраны 2014 жылдың тамыз айынан э.ғ.к, доцент Бигельдиева З.А. жетекшілік етеді. 2016-2017 оқу жылдары бойынша білім беру процессін професор-оқытушылық құрамынан 27 адам атқарады.  Олардың ішінде 1 экономика ғылымдарының докторы, 11 экономика ғылымдарының кандидаты, және магистр дәрежесі бар 15 аға оқытушы бар. Кафедра профессор-оқытушыларының біліктілік дәрежесі 44 пайыз. Кафедра қызметкерлерінің орташа жасы – 45 жас. Кафедраның көптеген оқытушыларының тәжірибелік еңбек өтілі (80 пайыздан астам) бар. Барлық оқытушылардың қаржы саласында және жоғары білікті мамандарды даярлау және қайта даярлауда үлкен тәжірибесі бар. Кафедра ұжымы өздігінен білім алу, өзара сабаққа қатысу нәтижелерін талқылау арқылы кәсіби шеберліктерін жетілдіріп отырады. Кафедраның ОПҚ кәсіби деңгейлерін жоғарылатуда белсенді жұмыс істейді, қаржылық пәндерден оқытушылардың қаржылық сауаттылықты арттыру арналған Қазақстанның беделді ЖОО-да, ҚР Ұлттық Банкінің курстарына қатысып отырады. Міне солай, э.ғ.к Маширова Т.Н. Израильде Хайфа қаласында «Әйел кәсіпкерлері және ақпараттық коммуникациялық технологиялары» атты тақырып бойынша біліктілікті жоғарылату курстарын өтті, 2013 жылы э.ғ.к Исаева Г.К. Израильде Иерасулим қаласында «Білім беру және білім берудегі ИКТ технологиялары» атты тақырып бойынша біліктілікті жоғарылату курстарын қатысты. Э.ғ.к, доцент Құдайбергенова З.Ө. «Болашақ» бағдарламасының стипендианты.  Э.ғ.к, доцент Айтымбетова А.Н. 2015 жылдың маусым айында «Өрлеу» бағдарламасы бойынша Ньюкасл университетінде біліктілікті жоғарылату курстарына қатысып келді (Ньюкасл қаласы, Біріккен Корольдік). Э.ғ.к, доцент Исаева Г.К. 2016 жылдың желтоқсан айында Краков қаласында (Польша) Қоғамдық ғылымдар Академиясында ғылыми тағылымдамадан өтті.

 

        Кафедраның ғылыми қызметі

      Кафедраның ПОҚ-ы өзінің ғылыми зерттеулер нәтижелерін шет елдік және қазақстандық ғылыми баспаларда, сонымен қатар Scopus базасына кіретін журналдарында шығарады. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері оқу үдерісіне белсеңді түрде еңгізіледі, ол еңгізу актілерімен расталады. Оқытушылардың ғылыми-зерттеу жүктемесіне мақалаларды, монографияларды дайындау, конференцияларға, академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу, ғылыми жобаларды дайындау және жүзеге асыру, дипломдық жұмыстарға жетекшілік ету жұмыстары кіреді. Білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына барлық профессорлық-оқытушы құрамы, сонымен қатар, 100% магистранттар мен бірнеше студенттер саны тартылған.   

2013-2016 оқу жылдары бойынша «Қаржы» кафедрасының ПОҚ-н жариялаған мақалалар саны

Есептік кезең

ПОҚ мақалалар саны

ПОҚ мақалалар саны, %

Магистранттардың жариялаған мақалалар саны

Магистранттардың жариялаған мақалалар саны, %

Студенттердің жариялаған саны

Студенттердің жариялаған саны, %

2013-2014

38

68,4/26

25

100

13/251

5,2

2014-2015

42

61,9/24

24

100

7/267

2,6

2015-2016

 77

32,5/25

34

100

20/307

6,5

        Есептік кезеңде ғылыми-зерттеу жүктемені орындаудың мысалдары ретінде монографиялар, 25 мақала, олардың ішінде 9 - астам  шет елдік басылымдарда, 9 - импакт-факторы бар журналдарда, 7 мақала ҚР ҒБСБК ұсынған журналдарында, 70 - астам еңгізу актілері.  Оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері элективті курстар, дипломдық жұмыстарды дайындау, оқу құралдарын, ғылыми мақалаларды, әдістемелік нұсқауларды жазу шеңберінде оқу үдерісіне еңгізіледі. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының бағыты ретінде жаңа экономикалық саясаты жағдайында Оңтүстік облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша басқару механизімін қалыптастыру болып табылады. Кафедра Мемлекеттік бюджеттік негізде ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді. Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудағы приоритетті міндеттерді жүзеге асыруда қаржы-несиелік тұрақтылығын қамтамасыз ету механизімін жетілдіру» (Шифры: Б-16-09-09).

2013 -2016 жылдары арасында «Қаржы» кафедрасының ПОҚ жариялаған мақалалар  саны

       «Қаржы» кафедрасында халықаралық ынтымақтастықты және академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру

        Кафедра жұмысының негізгі бағыттарының бірі халықаралық ынтымақтастық болып табылады. Кафедра Қазақстанның жетекші ЖОО-н үзіліссіз байланыста болады. Кафедра әрдайым шет елдерінен ғалымдарды белсеңді түрде тартады. Сонымен қатар, 5В050900 «Қаржы» мамандығының студенттері әр жыл сайын академиялық ұтқырлық бағдарламаларында қатысады. Осылай, осы бағдарлама бойынша ЭФ-13-6р тобының студенті Мырзакерім А. 2015-2016 оқу жылының күзгі семестрінде Испанияда Дуэсто университетінде бір семестр мерзімінде білім алды, ал ЭФ-13-6А тобының студенті Сұлтанхан Е. 2014-2015 жылының көктемгі семестрінде Латвияда «Туриба» университетінде оқыды. 2016-2017 жылдың күзгі семестрінде ЭФ-13-6р тобының студенті Мырзакерім А. Л. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінде білім алды. Эрасмус+ бағдарламасы шеңберінде 2016 жылдың ақпан айында Румыния елінен Александру университетінің докторы Ирина Билан 5В050900 «Қаржы» мамандығының студенттері үшін «Халықаралық қаржылар» тақырыбы бойынша дәрістер оқып берды. Сонымен бірге, 2016 жылдың 8-19 жұлдызы аралығында кафедра студенттері үшін Латвияның Ауылшаруашылық университетінің оқытушысы Ласма Добеле «Әлеуметтік кәсіпкерлік» тақырыбы бойынша дәрістер оқыды.

        

        

         Оқу-әдістемелік жұмыстары

      «Қаржы» кафедрасында 2016-2017 оқу жылында оқу-әдістемелік жұмыстар жоспарға сай толығымен атқарылылып отыр. «Қаржы» кафедрасындағы оқу-әдістемелік жұмыстар ОӘӘ шығару факультеттің оқу-әдістемелік жоспарына сай, ҚР МББЖМС және білім беру кәсіптік бағдарламалар мен мамандықтар бойынша МББЖМС сай орындалды. 2016-2017 оқу жылында «Қаржы» кафедрасында барлығы негізгі жоспар бойынша барлығы 28 ОӘӘ жоспарланып орындалды. Кафедраның оқу-әдістемелік семинарлар жоспары жыл сайын жаңартылып, білім беру саласындағы өзгерістерге сай талданып, бекітіліп отырылады. Кафедрада орындалған ғылыми-әдістемелік семинарлар сапа менеджмент жүйесінің тиімділігін ары қарай арттырудың жоспарлары мен жүйесін қамтиды. Кафедрада ЭОӘК құрастыруда жас оқытушыларды оқыту мен білімін жетілдіру, оқу процесінде интерактивті әдістерді қолдану, кейстер мен кейс-әдістемелердің тапсырмаларын талдауда кеңінен қолданылады. Кафедрада жоспарға сай, ғылыми-әдістемелік семинарларды ұйымдастыру дипломдық жұмыстардың тақырыптарын олардың өзектілігі мен ғылымилығын қалыптастыруда жаңартылып, ұйымдастырылды. Жыл бойында кафедрада барлық 34 пәндерді оқыту мемлекеттік, орыс, және ағылшын  тілдерінде жүргізілді. Биылғы жылдың өзінде ағылшын тілінде  10 ОӘӘ жоспарланып,2 дәріс кешені, 8 оқу-әдістемелік жұмыс орындалды. Қосымша жоспар бойынша барлығы  электронды 4 оқу құралы,  сонымен қатар ішінде 12 бейнедәріс жоспарланып орындалды.

«Қаржы» кафедрасының 2013-2017 жылдар аралығында оқу-әдістемелік әдебиеттердің  шығарылу  жоспары

ОӘӘ шығу жоспары

 

2013/2014 ж.

2014/2015 ж.

2015/2016 ж.

2016/2017 ж.

Электронды оқулық

1

1

1

4

Оқу құралы

8

2

4

3

Дәріс кешендері

6

7

12

4

Әдістемелік нұсқаулар

15

18

27

24

Кейстер

2

-

-

2

Іскерлік ойындар

-

 

-

2

 

«Қаржы» кафедрасының 2013-2017 жылдар аралығында оқу-әдістемелік әдебиеттердің  шығарылуының негізгі көрсеткіштері

       Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

      Кафедрада студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бекітілген СҒЗЖ жоспарына сәйкес жүргізілді. Кафедрада «Қаржыгер» 1-4 курс  студенттер арасында оқытушылармен бірге ғылыми конференциялар мен конкустарға дайындалып, қатысады. Студенттер 2016 жылдың 07 сәуір айында университет деңгейінде  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Жаңа жаһандық ахуалда Қазақстан дамуындағы жастардың үлесі» атты жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша 19-шы студенттік ғылыми конференцияның «Қаржы» секциясына қатысқандар саны 24  жөнінде атап өту керек. Нәтижесінде студенттер оқытушылар мен бірге 20 мақала жариялады. 2016 жылдың 2-ші желтоқсанында студенттер Экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің «Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл» атты 20-ші ғылыми конференцияға қатысқан студенттердің саны 38, сонымен бірге М.Х. Дулати атындағы №8 үш тілдік арнайы мамандандырылған гимназиясынан 4 оқушы баяндама жасады. Сонымен қатар студенттер  тапқырлығын, белсеңділіктерін байқатып, пікір сайыстарға және семинарларға униыерситет және факультет деңгейінде қатыты. Қаржы  кафедрасы халықаралық байланыстармен жақын және алыс шетел универсиететерімен тығыз қарым қатынаста болады. Оқытушылар құрамының  ғылымға деген қызығушылығы студенттерге үлгі болып табылады. Сонымен қатар баға жетпес кәсіби жаңалықтарды меңгереді. Сондықтан студенттерге ғылыммен айналысқан, ғылыми конференцияларға қатысқан өте қызық және қоғамдық, спорттық ойындарға да ат салысады.

        Іс-тәжірибе, жұмысқа орналастыру
        Университеттің материалдық базасы жоғары білікті мамандарды дайындауға мүмкіндік береді. Кафедраның көптеген түлектері жоғары мансапқа қол жеткізген: кафедраның бітіруші түлектері қаржылық бағдарламалар бойынша бас менеджер, бөлім басшысы, орынбасары, бас және жетекші маман, бас қазынашы және бақылаушы-тексеруші, экономист, бас бухгалтер және оның орынбасарлары, фирма және филиал директоры болып қызмет етіп жүр. Осы мамандық бойынша қызығушылық танытқандардың (кәсіпорын, фирма) өкілдерімен бітіруші түлектер және студенттер арасында әңгімелесулер ұйымдастырылады.
        Банктердің, сақтандыру компанияларының, облыстық және қалалық қаржы басқармасының, аймақтағы ірі кәсіпорындардың мамандарымен тұрақты байланыс орнатылған. Осы құрылымдардың өкілдері студенттік ғылыми конференцияларда қазылар алқасының мүшелері ретінде қатысады, студенттердің дипломдық жұмыстарына, өндірістік және диплом алды іс-тәжірибелеріне жетекшілік етеді. Бүгінгі таңда кафедраның көптеген түлектері жауапкершілікті қызметтерде кәсіпорын басшысы, бөлім басшысы болып қызмет етуде. 
        Кафедрада салық лабораториясы бар. Студенттерді тәжірибелік дағдысы бар салық қызметінің бас мамандары оқытады. Мұнда студенттер электрондық түрде салықтық есептілікті құрастыруға, салықтық заңнамалардың теориялық аспектілері туралы кешенді түсінік қалыптастыруға мүмкіндік алады.
        Кафедрада студенттердің алған білімдері мен тәжірибелік дағдаларын бекіту мақсатында ОҒТК құрылған, оған: ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және оның бөлімдері, облыстық қаржы департаменті, ОҚО бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті, облыстық қазынашылық департаменті, ОҚО екінші деңгейлі банктер: «Казкоммерцбанк» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «БанкЦентрКредит» АҚ кіреді. Осы ынтымақтастық оқу-танымдық және өндірістік іс-тәжірибелер туралы жасалған келісім шарттарға негізделген. Одан тыс, жасалған келісім шарттар кафедрада ғылыми және әдістемелік семинарлар өткізуге, мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшесі ретінде жетекші мамандарды шақыруға және кездесулер ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

  
   

          Кафедраның тәрбие жұмысы
        Кафедра профессор-оқытушыларының негізгі қызметінің бірі студенттерге жоғары сапалы білім берумен қатар, оларды рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық негізде тәрбиелеу болып табылады. Осы мақсатта жыл сайын көптеген іс-шаралар, оның ішінде «Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу», «Қазақстан экономикасында индустриальды инновациялық процестерді қаржылық қамтамасыз ету», «Үздік студент», «Менің таза қалам», «Тәуелсіздік шежіресі», «Тәуелсіздік тірегім», «Салауатты өмір-денсаулық кепілі», «Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге», жастар арасында нашақорлық мәселелерін талқылау бойынша семинар, дөңгелек үстел, пікір-сайыстар ұйымдастырылып өткізіледі. Кафедрада студенттермен банктердің, сақтандыру компанияларының, инвестициялық компаниялардың, салық қызметкерлерінің кездесуін ұйымдастыру дәстүрге айналды.
        Кафедра жыл сайын «Қаржы» мамандығы бойынша студенттер арасында пән олимпиадасын өткізеді. Олимпиада студенттердің шығармашылық қабілетін ашу, болашақ мамандардың инновациялық экономика және қызметтің түрлі салаларында басқару, қаржы мамандығының беделін көтеру, студенттердің шығармашылық бастамасын және ғылыми белсенділігін ынталандыру мақсатында ұйымдастырылады.
        Тәрбилік ортаны қалыптастыру үшін ЖОО-ның дәстүрі қолданылады: тәлімгерлік, студенттік өзін-өзі басқару; студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жасақтары; Қазақстанның мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қатысу, «Жас Отан» Жастар қатанының мүшесі болу.

        М.Әуезов атындағы «Қаржы» кафедрасының жетістіктері:

      - 2013 жылы «Қаржы» кафедрасының э.ғ.д, профессор Жақыпбеков С.Ж. «М.Әуезов атындағы ОҚМУ Мерей медалі» төсбелгісімен марапатталды;

     - 2014-2015 оқу жылдарының нәтижесі бойынша «Қаржы» кафедрасы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-н уздік кафедрасы болып аталды;

     - 2014-2015 оқу жылдарының  нәтижесі бойынша ага оқытушы Сариева Ж.А. «М.Әуезов атындағы ОҚМУ үздік аға оқытушысы» номинациясын алды;

     - 2015 оқу жылының нәтижесі бойынша аға оқытушы Кальбаева Н.Т. «Жыл тәлімгері» сайысында бірінші орын алды;

     - 2016-2017 оқу жылының нәтижесі бойынша «Қаржы» кафедрасының э.ғ.к, доцент Исаева Г.К. ҚР БҒМ «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландырған  «Мемлекет-жекемеңшік әріптестігінің нысаны ретіндегі жоғары білім беруді дуальдық оқыту жүйесінде оқыту жүйесінде кәсіпкерлерді ынталандыру тетіктерін әзірлеу» атты тақырыпта ғылыми жоба бойынша грант жеңіп алды.

    - 2015-2016 оқу жылының нәтижесі бойынша аға оқытушы Сейсенбаева Ж.М. «М.Әуезов атындағы ОҚМУ үздік аға оқытушысы» номинациясын алды;

   

          Кафедраның даму перспективалары

   - Кафедраның интеллектуалды әлуетін жоғарылату, профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби деңгейін ұлғайту;

    - ПОҚ жыл сайынғы біліктілігін жоғарылатуды 10% кем емес қамтамасыз ету;

    - Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсатары мен міндеттерін талапкерлерге түсіндіру мақсатымен кәсіби бағдар беру жұмысын жетілдіру;

    - Білім берудің инновациялық әдістерін, прогрессивті технологияларын белсеңді түрде қолдану;

    - Электронды оқұлықтардың санын көбейту, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде видеодәрістерді оқу үдерісіне еңгізу;

    - ПОҚ жоғары импакт-факторы бар Thomson Reuters, Scopus журналдарында мақалалар жариялау;

    - ПОҚ ҚР БҒМ ғылыми жобаларында, гранттарында, сайыстарында қатысу үлесін жоғарылату;

    - Кафедра оқытушыларының шет тілін меңгеру көлемін ұлғайту.