Қазақстан мен Индияның білім беру және ғылым саласында техникалық және экономикалық ынтымақтастығы

«Қаржы» кафедрасының доценті, э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Исаева Гульмира Куздеуалиевна 2018 жылдың 12 маусымы-31 тамызы аралығында Индия үкіметі тарапынан қаржыландырылатын Индияның техникалық және экономикалық ынтымақтастық Бағдарламасы (ITEC) аясында курсқа қатысып шықты. Курс бағыты: ағылшын тілі, ілгері деңгей (Progress to Proficiency (in English): Advanced level). Өткен орны: Ағылшын және шетел тілдері университеті (English and foreign languages university, Hyderabad). Курс өту барысында «Public-Private Partnerships in Education: Kazakhstan experience» тақырыбында ғылыми жұмыс орындалып, табысты қорғалып шықты. Ғылыми жетекші: университет профессоры Г.Нагамалика (Prof. G. Nagamallika) болды.