«Кім алғыр? Кім жылдам?» атты ойын

2017  жылдың 13 қараша күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің «Есеп және аудит» кафедрасының ұйымдастыруыменен № 4  жатақханада «Кім алғыр? Кім жылдам?» атты ойын түрінде іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға «Есеп және аудит» кафедрасының ОПҚ, белсенді студенттер және жатақхана студенттері атсалысып қатысты. Бірінші болып «Ойлан, тап....» атты ойын өткізілді. Ойын шарты бойынша студенттер сұрақтарға дұрыс жауап беріп, арасында «Сен кереметсің» атты сұраққа ие болған студент сыйлық алды. Екінші кезекте «Кім епті?» ойыны ойнатылды. Студенттер екі топқа бөлініп, бір-біріне жасырылған тапсырманы ыммен түсіндірді. Үшінші кезекте студенттер мен ОПҚ арасында шахмат, шашка, тоғыз құмалақ ойындары ойнатылды. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.