М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Басқару және бизнес» ЖМ-нің «Экономикалық теория» кафедрасы

М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Басқару және бизнес» ЖМ-нің «Экономикалық теория» кафедрасының ОПҚ-ның ұйымдастыруымен Шымкент қаласы «№4 Кәусар қайрымдылық интернатында тәрбиеленуші жасөспірім балаларына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында кездесу болып өтті. Бұл үйде қазіргі таңда 45 оқушы білім алып, тәрбиеленуде.

Бұл кездесу әріптестеріміздің жүректерін елжіретіп, өзгеше әсер етті. Балаларға болашақта жақсы оқуларын тілеп, арнайы дайындап әкелген жаңа жылдық сыйлықтарын сыйлады. Балалар үйіне барудың басты мақсатымыз, «Балалардың жүзінен күлімсіреген көздерін, бақытты сәттерін көру, жаңа жыл мерекесінің кереметін сезіндіру» - болды.

Балалар үйі директоры Б.Ж.Уалихановқа және әдіскер Б.С.Сапаримбетоваға осы шараны өткізуге атсалысқаны үшін «Экономикалық теория» кафедрасының ұстаздарының атынан шексіз алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақыттада осындай қайырымдылық, мерекелік іс-шаралар өз жалғасын табады деп сенеміз.