Талапкерге

        Басқару және бизнес жоғары мектебінің әлеуметтік сайттар арқылы кәсіптік бағдар беру бойынша ақпараты
        М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Басқару және бизнес» жоғары мектебі 1992 жылы Қазақ химия-технологиялық институтының  «Экономика, өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау» кафедрасының негізінде құрылған.
        Бүгінгі таңда М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Басқару және бизнес» жоғары мектебі құрамында 6 кафедра жұмыс істейді: «Экономика», «Менеджмент және маркетинг», «Қаржы», «Есеп және аудит», «Экономикалық теория»,  «Халықаралық туризм және сервис».
        Жоғары оқу орындарында экономикалық жоғары білімі бар мамандарды дайындау бұл қазіргі заман талабы. Осы мақсатта факультетте нарық жағдайында сұранысқа ие келесі:
6В04110 -  «Экономика»;

6В04120 - «Менеджент»;

6В04130 - «Есеп және аудит»;

6В04140 -  «Қаржы»

6В04150- «Мемлекеттік және жергілікті басқару»;

6В04160 - «Маркетинг»;

6B04170 – «Бағалау»

6В11110 - «Туризм»;

6B11111- «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандықтары бойынша студенттерді жан-жақты дайындау жүзеге асырылуда.
        Жоғары мектепте ғылыми-педагогикалық қызметпен ғылым докторлары, ғылым кандидаттары және магистр оқытушылар айналысады. Олардың арасында «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегерлері, АҚШ, Еуропа елдерінің ЖОО-да ғылыми тағылымдамадан өткен профессор-оқытушылар бар. 2004 жылдан бастап:
7М04110 - «Экономика»,

7М04120 - «Менеджмент»,

7М04130 - «Есеп және аудит

7М04140 - «Қаржы»,

7M04152 Мемлекеттік және жергілікті баскару

7М04160 - «Маркетинг»

7M04170 – «MBA - Іскер әкімшілік»

7M11110- «Туризм» мамандықтары бойынша магистратура ашылып жұмыс жасауда.
               Сондай-ақ, 2010 жылы жоғары мектепте 8Д04110-"Экономика" мамандығы бойынша PhD докторантура ашылды.
        Оқу процессінде оқытудың заманауи технологиялары: кредиттік жүйе, кейс-технология, оқытудың интерактивтік және инновациялық әдістері енгізілген.
        Жоғары мектептің профессор-оқытушыларының құрамымен жыл сайын 150-ден аса оқулық, оқу құралдары, электрондық оқулық, әдістемелік нұсқаулар шығарылуда, оның 75%-ы мемлекеттік тілде. 
        Жоғары мектеп студенттерінің әскери кафедрада оқуға және академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатыса отырып шет елдердің жоғарғы оқу орындарында бір семестр оқып келуге мүмкіндіктері бар.
        М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің «Басқару және бизнес» жоғары мектебі халықаралық стандартқа сай білім бере отырып, жастардың жан-жақты кәсіби тұлға етіп қалыптасуына зор жағдай жасайды. Талапты жастарға сапалы білім беріп, айқын бағыт-бағдар беру біздің басты міндетіміз!

          
        Жоғары мектеп мамандықтары:

Шифр

Мамандықтар атауы

Бейіндік пәдер комбинациясы

1-ші бейіндік пән

2-ші бейіндік пән

  1.  

6В04110

Экономика

Математика

География

2. 

6В04120

Менеджмент

Математика

География

3. 

6В04130

Есеп және аудит 

Математика

География

4. 

6В04140

Қаржы

Математика

География

5. 

6В04150

Мемлекеттік және жергілікті басқару

Математика

География

6. 

6В04160

Маркетинг

Математика

География

7. 6B04170 Бағалау Математика География

8. 

6В11110

Туризм
 

Ағылшын тілі

География

9. 6B11111 Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі Ағылшын тілі География

6В04110 - “Экономика” 
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі – «Экономика» мамандығы бойынша  экономика және бизнес бакалавры.
Іс-тәжірибе және болашақтағы жұмыс орындары - ОҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы; «Шымкент» ӘКК, «Шымкенткұс» АҚ, «Шымкентмай» АҚ, «Стандарт цемент» АҚ, «Кайнар» АҚ, «Базис құрылыс материалдары» ЖШС және т.б. 
Мемлекеттік тапсырыс: 
Анықтама үшін телефон - 8-7252-21-10-36 
        
6В04120 – “Менеджмент” 
Оқу мерзімі: 4 жыл
Мамандық біліктілігі - Менеджмент бакалавры
Іс-тәжірибе  және болашақ жұмыс орны – өнеркәсіптік кәсіпорындар және экономикалық барлық  салалары мен өндірістік емес саланың ұйымдары, мемлекеттік басқару органдары; жергілікті басқару органдары; білім беру ұйымдары (гимназиялар, колледждер) және ғылыми-зерттеу мекемелері. 
Анықтама телефоны - 8-(7252)- 21-23-67
        
6В04130 – “Есеп және аудит ” 
Оқу мерзімі: 4 жыл
МАМАНДЫҚ БІЛІКТІЛІГІ - Есеп және аудит бакалавры
ІС-ТӘЖІРИБЕ  ЖӘНЕ БОЛАШАҚ ЖҰМЫС ОРНЫ - әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар, өндірістік емес салалар мен ұйымдар, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлеріндегі мекемелер, қаржы органдары, ғылыми-зерттеу мекемелері.
АНЫҚТАМА ТЕЛЕФОНЫ:  8(7252) 21-36-68 
        
6В04140 – “Қаржы” 
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі – Қаржы бакалавры.
Іс-тәжірибе  және болашақ жұмыс орны - банктер, сақтандыру компаниялары, қаржы және салық қызметі органдары, зейнетақы қорлары, шағын несиелік ұйымдар, қор биржасы, инвестициялық компаниялар мен қорлар, түрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың қаржы бөлімдері және т.б. 
 Анықтама телефоны:   8-(7252)-21-23-67 ; 21-14-01.         
        
6В04150 – “Мемлекеттік және жергілікті басқару ” 
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі - Мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры
Іс-тәжірибе  және болашақ жұмыс орны - экономика мен қаржыны басқару органдары (министірліктер, ведомствалар және агенттіктер); жергілікті басқару органдары (облыс, қала, аудан әкімшіліктер) және атқарушы органдар  аппараттары; ұлттық мемлекеттік және жеке компаниялар, концерндер, корпорациялар.
Анықтама телефоны - 8-(7252)- 21-23-67
        
6В04160– “Маркетинг” 
Оқу мерзімі: 4 жыл
Мамандықтың біліктілігі -  «Маркетинг» мамандығы бойынша  экономика және бизнес бакалавры
Іс-тәжірибе  және болашақ жұмыс орны – шағын, орта және ірі кәсіпорындар, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер, қаржы және банк жүйесі; сауда және коммерциялық сала; кәсіпорынның  маркетингтік қызметі; жарнама агентстволары. 
Анықтама телефоны - 8(7252) 21-10-36
 

 6В04170– “Бағалау” 
Оқу мерзімі: 4 жыл
Мамандықтың біліктілігі -  «Бағалауг» мамандығы бойынша  экономика және бизнес бакалавры
Іс-тәжірибе  және болашақ жұмыс орны – шағын, орта және ірі кәсіпорындар, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер, қаржы және банк жүйесі; сауда және коммерциялық сала; кәсіпорынның  маркетингтік қызметі; жарнама агентстволары. 
Анықтама телефоны - 8(7252) 21-10-36      
 

6В11110- «Туризм» 
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі - Туризм бакалавры.
Іс-тәжірибе  және болашақ жұмыс орны – мемлекеттік басқару органдардың мамандарын (министрліктер, әкімшіліктер, аймақтық бөлімшелер мен құрылымдар) Туристік бизнеспен айналысатын жеке және мемлекеттік компаниялар, туристік бағыттағы консалтингтік  компаниялар, оқу орындары, ғылыми-зерттеу ұйымдары, туристік кәсіпорындардың маркетингтік қызметтері, жарнама агенттіктері, жеке бизнес ұйымдастыру.
Анықтама телефоны - 8(7252) 21-15-26 
    

6B11111- «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» 
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі - Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі бакалавры.
Іс-тәжірибе  және болашақ жұмыс орны – мемлекеттік басқару органдардың мамандарын (министрліктер, әкімшіліктер, аймақтық бөлімшелер мен құрылымдар) Туристік бизнеспен айналысатын жеке және мемлекеттік компаниялар, туристік бағыттағы консалтингтік  компаниялар, оқу орындары, ғылыми-зерттеу ұйымдары, туристік кәсіпорындардың маркетингтік қызметтері, жарнама агенттіктері, жеке бизнес ұйымдастыру.
Анықтама телефоны - 8(7252) 21-15-26    
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ САПАЛЫҚ ҚҰРАМЫ 

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ 
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары» мемлекеттік грант иегерлері.

   

Э.ғ.к., доцент Сейдахметов М.Қ. 

Э.ғ.д., профессор Ниязбекова Р.Қ.

Э.ғ.д.,профессор Бейсенова М.У. 

      

Э.ғ.д.,профессор Есиркепова А.М.

Э.ғ.к., доцент Байнеева П.Т.

Э.ғ.к., доцент Айдарова А.Б. 

ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ 
Жоғары мектеп университеттің бас оқу ғимаратында орналасқан. Жоғары мектепке 35 кабинет пен аудиториялар бекітілген.
Жоғары мектепте 74 компьютер бар, оның ішінде 39 компьютер 3 компьютерлік сыныпта орналасқан, 35 компьютер кафедраларда орналасқан.

Студенттер компьютерлік сыныпта 

Студенттер Интернетті пайдалануда 

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға «Экономика» мамандығының студенттері қатысып 3-орын иеленді. Алматы қаласы Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ

Республикалық студенттік пәндік олимпиадада «Әлеуметтік-мәдени сервис» мамандығының студенттері қатысып 1-орын иеленді.  М.Әуезов атындағы ОҚМУ

«Жыл студенті - 2013»  Республикалық байқауының  жеңімпазы , «Экономика» мамандығының студенті Оразалиева Гүлнар.  Астана қаласы

«Маркетинг» мамандығының студенті Сайрамбай Еркебулан Жастардың IV Еуразиялық Экономикалық Форумына қатысып  1-орынды жеңіп алды және алтын медалмен марапатталды.Ресей, Екатеринбург қ.

 «Виктория 2012» вокалистердің  ұлттық байқауының жеңімпазы - «Маркетинг» мамандығының  студенті  Анна Пак. Польша

«Табысты жас Қазақстандық» облыстық жастар сайысының «Үздік студент» номинациясының жеңімпазы «Экономика» мамандығының студенті Мырзатай Сұлтанбек.  Шымкент қаласы. 

Жоғары мектеп студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Еуропа елдерінің университеттерінде білім алады.

Корфантого атындағы Верхнесилез техникалық университеті,  Польша 

Сайрамбай Еркебұлан, Люксембург университеті, Люксембург  

3 курс студенті Сұлтанхан Е. «Туриба» университеті, Латвия