«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»

12.01.2018 ж. бас ғимараттағы конференц залда университетіміздің ректоры Мырхалықов Ж.Ү. қатысуымен Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы жылғы халыққа арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында өткен дөңгелек үстелге «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Университетіміздің ректоры Мырхалықов Ж.Ү. Елбасының биылғы халыққа арнаған Жолдауының маңыздылығын айтып, кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар алдағы уақытта барлық факультеттерде, жоғары мектептерде және академиялық топтарда Жолдауды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Дөңгелек үстел барысында «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының меңгерушісі Қыдырова Ж.Ш.  Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы жылғы халыққа арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында айтылған негізгі міндеттерді түсіндіру мақсатында баяндама жасады.