«Тәуелсіздік-тұғырым» атты ашық тәрбие сағаты

08.12.2017 жылы сағат 12-00 342 каб «Басқару және бизнес» Жоғары мектебі «Экономика» кафедрасының  ЭФ 17-1к2 тобының ұйымдастырумен жоспар бойынша «Тәуелсіздік-тұғырым» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Топ тәлімгері Имаш Б.А. Ашық тәрбие сағатына «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаментінің директоры Е.Р.Байқонысов және директор орынбасары М. Айтимбаев қатысып, топ мүшелерімен сұхбат жүргізді. Сонымен қатар, «Экономика» кафедрасының меңшерушісі А.С.Тулеметова және ОПҚ қатысты. Ашық сабақ барысында Тәуелсіздік тақырыбы бойынша бірнеше видеороликтер дайындалып, студенттер өз өнерлерін көрсетіп кешті қызықтыра түсті. Ойындар ойналды, баяндамалар оқылды, Тәуелсіздік күніне арналған өлеңдер оқылды. Ашық сабақ өз деңгейінде өтті.