«Туризмдегі экскурсиялық жұмыстардың ролі» атты мастер-класс

Қазақстанның туристік нарығы көрсетіліп жатқан қызметтердің кешенділігі бағытының белсенділігіне қарай кеңейіп жатры, оның ішінде экскурсиялық қызметтер мен бағдарламалар маңызды орын алады.Туристік саяхаттардың экскурсиялық бағдарламалары аты шыққан туристтік орталықтардың есім хатты болып табылады, ал жалпы туристтер жағынан қызығушылық жылдан жылға өсу үстінде. 2018 жылдың 5 желтоқсан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Халықаралық туризм және сервис» кафедрасы Түркістан облысы бойынша туризмді дамыту индустрия Ассоциация мен Түркістан облысы Әкімдігінің туризмді және сыртқы байланыстар басқармасымен 5В090200 – «Туризм» және 5В090400 – «Әлеуметтік-мәдени сервис» мамандықтары үшін «Туризмдегі экскурсиялық жұмыстардың ролі» атты мастер-классы ұйымдастырылды. Мастер-классты Түркия Республикасының тренері, «Пегас» ірі туристік компаниясының гиді, ТУРЕБ Түркия Республикасының Экскурсиялық жұмыстарды жүргізушілер Ассоциациясының және Анталиялық гидтер палатасының мүшесі Мустафа Ялчын Ялчынкая жүргізді.