15 қараша еліміз үшін айтулы оқиға - Ұлттық валютаның туған күні!
15 қараша еліміз үшін айтулы оқиға - Ұлттық валютаның туған күні!
1993 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шықты. 1993 жылғы 15 қарашада теңге айналымға жіберілді. Содан бері бұл күн ұлттық валютаның ресми туған күні болып саналады. Бүгінде теңге – бұл тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендіктің нышаны, қазіргі заманғы тарихтың толыққанды бөлігі және Қазақстанның болашағы. 15 қараша елімізде Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің қызметкерлері үшін де кәсіби мереке болып саналады.