15 қараша - Ұлттық валюта күні

"15 қараша - Ұлттық валюта күні" мейрамына орай 12.11.2018 ж. №4 жатақханаcында "Қаржы" кафедрасының ОПҚ және белсеңді студенттер мерекелік кеш өткізді. Мерекелік кешті "Қаржы" кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к, доцент А.Н. Айтымбетова ашты. ЭФ-16-5к2 тобының студенті Сейкәрім А. тенгенің тарихы туралы баяндама жасады. Кафедраның ОПҚ студенттерге бірнеше пайдалы ақпаратты жеткізді. Сонымен бірге кафедраның қонағы Румыния елінің Alexander Ioan Cuza университетін Phd докторы Игнатов Юлиан кафедра ұжымы мен студенттерін құттықтап алғысын білдірді. Белсеңді студенттер қаржы тақырыбы бойынша қызықты ойындар өткізіп, кеш домбыраның сүйемелдеуімен ән айтумен аяқталды.