Бүгін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлы Шымкентке жұмыс сапары барысында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде профессор - оқытушылар құрамымен кездесті .

Бүгін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлы Шымкентке жұмыс сапары барысында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде профессор - оқытушылар құрамымен кездесті . Кездесу барысында Асхат Аймағамбетов оқытушылар мен профессорларды министрлік жұмысының негізгі бағыттары және мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау туралы хабардар етті . 

Министр қабылданған жаңа нормативтік құқықтық актілер мен білім туралы заңнамадағы өзгерістермен таныстырып , ғылымды дамыту , қаржыландыратын грантық жобалар , Ұлттық ғылыми Кеңестің жұмысы және ЖОО бейіндік бағытта болуы туралы айтып өтті . Асхат Қанатұлына профессорлық оқытушылық құрамы өз сұрақтарын қойып , ұсыныстарымен бөлісті .