«Ел болашағы - білімді жастар» атты олимпиадасы

14.02.2019 ж. күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Басқару және Бизнес» жоғары мектебі «Экономика» кафедрасының  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған экономикалық мамандық студенттері арасындағы «Ел болашағы - білімді жастар» атты олимпиадасы болып өтті. Олимпиадаға өзіміздің ЖОО-дағы командалардан бөлек қаламыздағы ЖОО-ның командалары келіп қатысты. Олимпиада барысында түрлі кезеңдер бойынша командалар сайысқа түсті. «Басқару және Бизнес» жоғары мектебінің деканы М.Қ.Сейдахметов студенттерге өз ыстық ықыласын білдіріп, студент жастарды белгілі бір кәсіп түрімен қазірден бастап айналысуға шақырды, ол үшін Елбасымыз биылғы жылды сіздер үшін «Жастар жылы» деп жариялап, мемлекетімізде, университетіміз басшылығы да сіздерге әрдайым қолдау көрсететінін айта кетті. Жеңімпаз - командалар алғыс хаттар және бағалы заттармен марапатталды.