Футзалдан турнир

13.02.2016ж сағат 1200 – 1500 аралығында М.Әуезов атындағы ОҚМУ – нің «Буревестник» спорт кешенінде «Салауатты өмір салтын» ұстану мақсатында «Есеп және аудит» кафедрасымен оқытушы профессорлық құрамы және студенттер арасында Футзал ұйымдастырылып өткізілді. Онда алты команда құрылып өзара жарысқа түсті. Ойын нәтижесі бойынша 1-ші, 2-ші, 3-ші орын иелерін кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент Д.С.Жакипбеков алғыс хаттармен команда мүшелерін марапаттады.