Халықаралық туризм күні

      "Халықаралық туризм және сервис" кафедрасының  ұйымдастырумен 27-қыркүйек "Халықаралық туризм күніне орай ,"Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы туризмнің қазіргі жағдайы  мен даму болашағы" тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек столға "Сырдарья-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи парк" мекемесінен, "Канвас" және "Рихсос"  қонақүйлерінен қонақтар шақырылды.  Іс-шарада барысында келген қонақтар өз ойларымен, тәжірибесімен  бөлісті, студенттер өздерін қызықтырған   сұрақтарына жауап алып,  іс-шара пікір-таласқа толы қызықты өтті.