Құттықтаймыз!

    2016 жылдың 16 маусымында М.Әуезов атындағы ОҚМУ қызметкерлері арасында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай «Денсаулық» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тесттері бойынша байқау ұйымдастырылды. «Экономика және қаржы» факультетінің ОПҚ байқауға тек белсенді қатысып ғана қоймай, жеңімпаз атанды. Атап айтсақ:
- Абдурасилова Азиза – «Экономика» кафедрасының жоғары білікті маманы 500 метрге жүгіруден 2-орын, 100 метрге жүгіруден 3-орынды иеленіп мақтау қағазымен марапатталды;
- Алжанова Айгуль Алибековна - э.ғ.к., «Экономика» кафедрасының доценті 50 метрге жүзуден 3-орынды иеленіп, мақтау қағазымен марапатталды.
«Экономика және қаржы» факультеті жалпы командалық есепте 2-орынды жеңіп  алып, арнайы кубокпен марапатталды.