М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің ректоры Д. П. Қожамжарова университеттің жетекші ғалымдарымен кездесуі Бүгін 2021 жылдың 31 наурызында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Д.П. Қожамжарова университеттің жетекші ғалымдарымен кездесті.

М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің ректоры Д. П. Қожамжарова
университеттің жетекші ғалымдарымен
кездесуі

Бүгін 2021 жылдың 31 наурызында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Д.П. Қожамжарова университеттің жетекші ғалымдарымен кездесті. 
Университет ректоры ғалымдарды ҚР Білім және ғылым министрлігі іске асырып жатқан білім мен ғылымды дамыту жөніндегі жүйелі шаралар кешенімен, университетте ғылым мен ғылыми зерттеулерді одан әрі дамыту жөніндегі қажетті іс-шаралармен, шешімді талап ететін ғылымды ұйымдастырудың университеттік жүйесінің өзекті мәселелерімен таныстырды. Шымкент қаласы мен Түркістан облысының әкімдіктерімен ынтымақтастықты дамыту және олармен жұмыс істеу әдістерін қайта қарау қажеттігіне тоқталды. Шетелдік және қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен және ғылыми орталықтарымен коллаборация байланыс қажеттілігін атап өтті.
Университет ғалымдары кафедраларда, ғылыми-зерттеу институттарында, ғылыми зертханалар мен ғылыми зерттеу орталықтарында жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстар мен олардың нәтижелері туралы баяндады.  Зерттеу жұмыстарын сапалы жүргізу және нәтижелер алу үшін заманауи жаңа жабдықтар мен құралдар сатып алу қажеттілігі айтылды. Университет ректорын зерттеу жұмыстары барысында, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру кезінде туындайтын мәселелер, жетекші жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен және шетелдік ғылыми орталықтармен зерттеулерді үйлестіру және коллаборация құруда ұйымдастырушылық сипаттағы көмек көрсету қажеттігі туралы хабардар етті, сондай-ақ университеттің ғылыми инфрақұрылымын жаңғырту қажеттігі туралы атап айтылды.
Кездесуде университеттің ғылыми қызметінде туындаған мәселелерді талқылау нәтижесінде университет ректоры ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректор Ұ.С. Сүлейменовке және басқа да жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.