Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау

Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын оқығанда еріксіз әлемнің әртүрлі қалаларының басты ерекшеліктеріне айналған ғаламның жеті таңғажайыптары еске түседі.  Сәулет өнерінің бұл әйгілі ғимараттарының тізімін маршруттар картасын жасап барып көруге болатын болса, Қазақстанның тарихын кеңістік пен уақыт өлшемдері бойынша түсініп, пайымдау және көпшілікке тарату қажет, әсіресе жастар арасында қазақ халқының тарихи мұрасының ұлылығын түсіндіру керек. Бұл жерде ҚР Президенті Н.Назарбаев атап өткендей: «Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз». Қазіргі уақытта теледидарда қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, атақты тұлғалары және т.с.с. туралы көптеген жаңа, қызықты танымдық бағдарламалар бар. Олар мақсатты аудиторияларға арналады. Кейде бұқаралық ақпарат құралдарында тұрғындар арасында Қазақстан, оның халқы, тарихы және т.с.с. туралы сауалнама өткізгенде, көпшілігі айқын нәрселерді білмейді. Бұл бос орынды толтыру керек. «Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады». «Ұлы даланың жеті қыры» — ұлтты жаңа ойларға жетелейтін кезекті бағдарламалық мақала. Мұның алдындағы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақала қазақ қоғамының күн тәртібін анықтауға мүмкіндік берсе, бүгінгі мақала да ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы жаңа міндеттерді айқындап көрсетті.