"START UP - AQIQAT" жобасы бойынша бизнес - жоспарлау байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

06.10.2017 ж. "START UP - AQIQAT" жобасы бойынша бизнес - жоспарлау байқауы студенттер мен жас ғалымдар арасында өткізілді. Байқау жастарды бизнеске баулу, өнертапқыштық қызметті жандандыру, инновацияны дамыту, осы салаға инвестицияларды тарту мақсатымен ұйымдастырылды. ЭФ-15-5А тобының белсеңділері Тасқараева А. және Рысбек А. байқауға қатысып "Үздік START UP" номинациясын жеңіп алды және ақшалай марапатталды. Жеңіс құтты болсын!