Студенттік арнау – 2017

06.10.2017 ж. «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің 1-курс студенттеріне арналған «Студенттік арнау - 2017» атты іс-шарасы бас ғимараттағы акт залда болып өтті. Іс-шараға Оқу-әдістемелік бірлестік жөніндегі проректор Сабырханов Д.С., жоғары мектеп деканы Сейдахметов М.Қ., университеттегі «Жастар орталығы»-ның директоры Исахов М.Ш., жоғары мектеп ОПҚ және 1-курс студенттері қатысты. 1-курс студенттеріне арналған арнау кеші барысында жоғары мектептің өнерлі студенттері өздері даярлаған концерттік бағдарламасымен көпшіліктің көңілінен шықты.