«Талант шыңдаған өнерлі орда»

2019 жылдың 20 ақпан күні «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Басқару және Бизнес» ЖМ, «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы және А.С. Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Талант шыңдаған өнерлі орда» - Театр және өнер жүрегі – Жұмат Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының майталмандарымен кездесу іс-шарасы болып өтті. Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері мен театр майталмандарымен студент жастар арасында ашық сұхбат болып өтті.  Мәдениет қайраткерлері мен кітапхана ұжымы жоғары мектеп деканы М.Қ.Сейдахметовке және студенттерге өз алғыстарын білдіріп, алдағы уақыта осындай жастармен кездесу іс-шаралары жиі өткізіліп отыратынын айта кетті.