Тәрбие жұмысы

                                                                                                                                       ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

     «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының тәрбие жұмысы келесі бағыттарда жүзеге асырылады: азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, кәсіби-еңбек тәрбиесі, діни толеранттылықтың қалыптасуы, дене тәрбиесі және салауатты өмірді қалыптастыру, экологиялық тәрбие, интеллектуалдық және коммуникативтік мәдениеті дамыту, мәдени-эстетикалық тәрбие, студенттік өзін-өзі басқаруды және жастар бастамасын дамыту.

Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – студенттердің ұлттық сана сезімін қалыптастыру, рухани ойлау дәрежесін арттыру, мәдениеті мен парасаты жоғары патриот, зияткер ұлт өкілдерін тәрбиелеу, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбие жұмысы бойынша кафедра ОПҚ студенттермен тығыз байланыс жасайды. Өзекті мәселелер жөнініде тәрбие сағаттары өткізіліп, түрлі іс-шаралар іске асырылады. Тәрбилік ортаны қалыптастыру үшін М.Әуезов атындағы ОҚУ-да студенттерге көптеген мүмкіндіктер қарастырылған: студенттік өзін-өзі басқаруға қатысу; студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жасақтарына мүше болу; Қазақстанның мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қатысу, «НұрОтан» Партиясының «Жастар қанаты» ұйымына мүше болу.

Мәдени эстетикалық, патриоттық, рухани тәрбие беру мақсатында ашық тәлімгерлік сағаттар өткізіліп отырады. Студенттерге білім алу мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға барлық жағдайлар жасалынған.

 

                                                                                                      «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент» және  «Маркетинг»

                                                                                                                  мамандығының студенттері жатақханада  ауқымды іс –шара өткізуде