«Туған жерге тағзым және орта кәсіпкерлікті дамыту жолдары» атты іс-шара

       21 ақпан 2019 жылы «Халықаралық туризм және сервис» және «Бизнес және коммерцияландыру» кафедраларының ұйымдастырумен №4 жатақханада «Рухани жаңғыру» аясында «Туған жерге тағзым және орта кәсіпкерлікті дамыту жолдары» аты жоспарлаған іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты жастарды туған еліне,  туған өлкесіне деген патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады. Әрбір Қазақстан азаматы өз елінің, өз өлкесінің патриоты болу керектігі айтылды. Жақсылық жасасан ол тарихта ғана емес елдің, аймақ тұрғындарында жадында қалатын сөзсіз. Осы мәселелердің барлығы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың « Болашаққа бағдар- рухани жаңғыру» мақаласында  жақсы айтылған.