Үлкен жеңіспен құттықтаймыз!

Карате жекпежек түрінен, әлем және Азия чемпионы Мұсабекова Диана – М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің «Қаржы» мамандығының 1 курс студенті 2019 жылдың 23 ақпаны күні Словакия астанасы Братислава қаласында өткен жарыста 2020 – Токио олимпиадасына лицензия ұтып алды. Бұл лицензия Оңтүстік өңірде алғашқы олимпиада лицензиясы. Құтты болсын! ОҚМУ – дан олимпиадаға қатысатын спортшыларымыз көп болсын!