«Жомарт жүрек – мейірімді тілек» атты қайырымдылық акциясы

22.02.2019 ж. Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №7 Қ. Спатаев атындағы мектеп-лицейінде «Рұхани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жомарт жүрек – мейірімді тілек» атты қайырымдылық акциясы болып өтті. Қайырымдылық акциясына «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің деканы М.Қ. Сейдахметов, «Қашықтықтан оқыту институтының» директоры Е.Қозыбаев және «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің деканы Ж.Орынтаев мұқтаж көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан оқушыларға мейірімділік танытып, қол ушын беріп, қажетті заттармен қамтамасыз етті. Талантты оқушылардың мерекелік бағдарламаларын тамашалап, іс-шара сонында мектеп басшылығы мен оқушылар университет басшылығына өз алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта осындай іс-шаралар жалғасын табатының айта кетті.