Факультет жаңалықтары

15-қараша ұлттық валюта күні

                      13 қараша күні «Қаржы» кафедрасының ұжымы онлайн форматта мансап апталығы мен ҚР ұлттық валютасы теңге күніне арналған іс –шара өткізді.
                     Мансап апталығын өткізудегі мақсат бітіруші түлектерге болашақ жұмыс орнын таңдауға және практикадан өтуді ұйымдастыруға көмек көрсету болып табылады. Аталмыш іс-шараға «Bank RBK» АҚ ШФ директорының орынбасары Ахат Эльмира, «Сагындыков и К» ЖШС менеджері Бейсебаева Меруерт, «Жинақ банкі» АҚ ЕБ филиалының менеджері Нұрмахан Асылзат қатысты. Олар өздері қызмет ететін мекеме туралы баяндап, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Қазақ елі үшін ағымдағы жылғы бірқатар атаулы күндермен қатар, мән-маңызы жағынан беделі жоғары күн - ұлттық валютамыз теңгенің айналымға енген күні. Осыған орай кафдераның аға тәлімгері Қалтаева Д.Б. ұлттық валюта теңге күніне арналған баяндама жасап, соңынан бейне ролик көрсетілді.

Ел ертеңін ойлаған елбасы

30 қараша күні М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттік өзін-өзі басқару «Студенттік кеңесі», М.Әуезов атындағы ОҚУ «Jas Otan» ЖҚ және «Басқару және Бизнес» ЖМ белсенді студенттері ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай «Ел ертеңін ойлаған – Елбасы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өмірі мен сарабдал саясаты, халқының жарқын болашағын қалау жолындағы өлшеусіз үлесі туралы мәліметтер беру және студенттерге Елбасының ел үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету. Сонымен қатар, студенттерге өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

 

« Басқару және Бизнес » жоғары мектебінде білім алушы академиялық топтардың топ басшыларымен Парасат басқармасында кездесу болып өтті .

10.11.2020 ж . күні « Басқару және Бизнес » жоғары мектебінде білім алушы академиялық топтардың топ басшыларымен Парасат басқармасында кездесу болып өтті . Кездесу барысында Басқарма басшысы Г.С.Дулатова студент жастарға университетіміздің « Әдеп кодексі » және « Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын » таныстырып өтті . Жм деканы М.Қ.Сейдахметов студенттерді әдептілікке , адалдыққа , ізгілікке баулу мақсатында Парасаттылық дәрістерін оқыды .

БІРІНШІ ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІ

Құрметті қонақтар, профессор-оқытушылар құрамы!Қадірменді ата-аналар және студенттер!

Бірінші қыркүйек Білім күні – айрықша мәні бар, айтулы мереке.

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, сонау IV ғасырда 325 жылы атақты Рим Императоры Константин әлемді таң қалдырған алып шіркеу тұрғызып, 1 қыркүйек күнін білім күні мерекесін тойлау туралы шешім шығарады. Осыдан бастап, білім ошақтарында 1 қыркүйек Білім күні ретінде тойланып келеді.

 

“Суицидтің алдын алу жолдары” және “Түрлі жағдайларда психологиялық қолдау көрсету”

28.02.2020ж. күні Бас ғимарат 339 аудиториясында “Басқару және Бизнес” жоғары мектебінің студенттерімен “Студенттерге психологиялық көмек көрсету орталығының” мамандары арасында отбасыдағы қоғамдық әлеуметтік ортадығы зорлық зомбылық және суицидтік жағдайлардың алдын алу бойынша “Суицидтің алдын алу жолдары” және “Түрлі жағдайларда психологиялық қолдау көрсету” тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесу өте қызықты болды. Студенттер психолог мамандардан өздерінің қоғамда мазалап жүрген тғрлі сұрақтарға алды.

«Коронавирус және Қызылша ауруының алдын алу мен профилактика» тақырыбында медицина саласының мамандырымен кездесу болып өтті.

«Коронавирус және Қызылша ауруының алдын алу мен профилактика» тақырыбында Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы және Шымкент қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қызметі мамандары  және  дәрігер-Л.К.Мусабекова, мейірбикелер-Ш.Елікбаева, С.Усманова, Ж.Сейдалиева  студент жастармен кездесу ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты әлемді дүрліктірген Коронавирус дерті мен Қызылша ауруының алдын алуы және сақтануы жайында студент жастарға қажетті мәліметтер беру. Кездесу соңында студенттер мен мамандар арасында сұрақ-жауап болып өтті.

Ашық есік күні болып өтті.

Басқару және Бизнес жоғары мектебінің ұйымдастыруымен Шымкент қалалық Білім бөліміне қарасты мектеп бітіруші түлектермен университетімізде «Ашық есік күні» болып өтті.  Ашық есік күніне келген түлектер мамандықтар, университетіміз және тестілеу жайында өздеріне керекті тың мәліметтерге ие болып, қажетті  сұрақтарына жауаптарын ала білді. Университетіміз және жоғары мектеп жайында толық мәліметтер беріліп, жас түлектер мен университет түлектері және жұмыс берушілері арасында қызықты сұхбат болып өтті. Жиын соңында мектеп оқушыларына университетімізде арнайы экскурсия ұйымдастырылды. 

Басқару және Бизнес жоғары мектебінің студенттері мен «Kaspi Bank» мамандары арасында кездесу болып өтті.

5.02.2020ж. күні Бас ғимарат Мәжіліс залында Басқару және Бизнес жоғары мектебінің студенттері мен «Kaspi Bank» мамандары арасында кездесу болып өтті. Банк мамандары жоғары мектеп студенттеріне банк өнімдері мен қызметтерін таныстыра отырып, студент жастарды практикадан және тағылымдамадан өтуге, әрі қарай  жұмыспен қамту бойынша өз бөлімшелеріне шақырды. Алдағы уақытта жоғары мектеп студенттерімен банк мамандары арасында тығыз жұмыстар жасалынып, кездесулер өткізіп тұру жоспарлануда.

Жоғары мектеп оқытушы –профессорлар құрамына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Стандартын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

14.01.2020 ж. күні Басқару және Бизнес жоғары мектебінде М.Әуезов  атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әзірлеген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Стандартын талқылау, түсіндіру және сол стандартпен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Жалпы Стандарт алты бөлімнен тұрады.  Ректорымыз Д.П.Қожамжарованың бастамасымен университетімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасат» басқармасы құрылып, қазіргі таңда өз жұмысын жоғары деңгейде атқарып келеді.

Құттықтаймыз!

2019 жыл қорытындысы бойынша ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы номинациясын жеңіп алуымен «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының доценті Д.А.Куланованы құттықтаймыз және Қаржы кафедрасының оқытушысы А.Ж.Дүйсенбекұлы Шымкент қаласы әкімінің «Үздік жастар Премиясы-2019» байқауы бойынша «Үздік жас оқытушы» номинациясын жеңіп алуымен құттықтаймыз.  Университет белсенді студенттері арасында ұйымдастырылған байқауда 2019 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік факультет» номинациясын жеңіп алуымен белсенді студенттерімізді құттықтаймыз!

Беттер