Факультет жаңалықтары

Жоғары мектеп ОПҚ мен студенттері « 16-желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні» мерекесін атап өтті.

13.12.2019 ж. күні университетімізде «16-желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні» мерекесі аталып өтті.  Мерекелік жиынға университет ректоры Д.П.Қожамжарова қатысып, барша қызметкерлермен студенттерді мерекемен құттықтап, өз баяндамасын жасады. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламалармен жалғасын тауып, оқытушы-профессорлар құрамынан үздіктер марапатталды. 

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай тәлімгерлік сағаты өтті.

9 желтоқсан БАСҚАРУ және БИЗНЕС жоғары мектебінің белсенді студенттерінің қатысуымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай тәлімгерлік сағаты өтті. Абай өлеңдері мен поэмаларының идеясын ашып, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, өлеңді нақышына келтіріп оқу, негізі түйінді таба білуге дағдыландыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шара жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға ат салысқан жоғары мектеп студенттеріне алғыс айтамыз!

Жоғары мектеп ОПҚ мен студенттері «1- желтоқсан Тұңғыш Президент күнін» атап өтті.

29.11.2019 ж. күні Бас  ғимарат Акт залында Басқару және Бизнес жоғары мектебінің ОПҚ мен студенттері «1-желтоқсан Тұңғыш Президент» күнін атап өтті. Салтанатты жиынға арнайы Шымкент қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Ж.Ә. Бектаева, Шымкент қалалық Қазақстан Халқы Ассамблеясы филиалының төрағасының орынбасары М.О. Қалмұратов қатысып, өз баяндамаларын жасады.  Одан бөлек жоғары мектеп деканы М.Қ.Сейдахметов пен профессор С.Ж.Жақыпбеков мерекемен құттықтап, баяндама жасады.

Жоғары мектеп студенттеріне Президент Жолдауын түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізілді.

20.11.2019 ж. күні «Басқару және Бизнес» жоғары мектебінің студенттеріне университетімізден құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясы арнайы кафедрасының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты  Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру насихаттау жұмыстарын жүргізді. 

15 қараша еліміз үшін айтулы оқиға - Ұлттық валютаның туған күні!

15 қараша еліміз үшін айтулы оқиға - Ұлттық валютаның туған күні!

1993 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шықты. 1993 жылғы 15 қарашада теңге айналымға жіберілді. Содан бері бұл күн ұлттық валютаның ресми туған күні болып саналады. Бүгінде теңге – бұл тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендіктің нышаны, қазіргі заманғы тарихтың толыққанды бөлігі және Қазақстанның болашағы. 15 қараша елімізде Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің қызметкерлері үшін де кәсіби мереке болып саналады.

Талапкерге арналған аңықтама - БАСҚАРУ ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

Басқару және бизнес жоғары мектебі

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Басқару және бизнес» жоғары мектебі 1992 жылы Қазақ химия-технологиялық институтының  «Экономика, өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау» кафедрасының негізінде құрылған.

Бүгінгі таңда М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің құрамында 7 кафедра жұмыс істейді: «Экономика», «Менеджмент және маркетинг», «Қаржы», «Есеп және аудит», «Экономикалық теория», «Бизнес және коммерцияландыру», «Халықаралық туризм және сервис».

2019 жылдың 14-қараша күні «Ұлттық валюта-Теңге» күніне орай университет Мәжіліс залында Kassa Nova Bank АҚ ШФ басшылығы және банк мамандарымен Басқару және Бизнес жоғары мектебінің бітіруші курс студенттері арасында кездесу болып өтті

2019 жылдың 14-қараша күні «Ұлттық валюта-Теңге» күніне орай университет Мәжіліс залында Kassa Nova Bank АҚ ШФ басшылығы және банк мамандарымен Басқару және Бизнес жоғары мектебінің бітіруші курс студенттері арасында кездесу болып өтті. Кездесуге жоғары мектепте білім алатын, Қаржы, Экономика, Менеджмент, Маркетинг, Есеп және аудит мамандықтарының 4 курс студенттері қатысты. «Ұлттық валюта-Теңге» күніне және Kassa Nova Bank АҚ жайында баяндамалар жасалып, кездесу соңында бітіруші курс студенттерінен сауалнама алынды.

23 қазан мен 29-31қазан күндері аралығында Басқару және Бизнес жоғары мектебінің студенттері театрға барып, қойылымдар көріп тамашалап қайтты.

23 қазан мен 29-31қазан күндері аралығында Басқару және Бизнес жоғары мектебінің студенттері  театрға барып, қойылымдар көріп тамашалап қайтты. 23 қазан күні Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрына барып, М.Оразметовтың «Ғашықтар хикаясы» атты комедиялық қойылымын көріп, тамашалап қайтты.

«Басқару және Бизнес» жоғары мектебінің бірінші курс студентеріне арналған «Студенттік Арнау» мерекелік іс-шарасы болып өтті.

2019жылы 23 қазан күні университет акт залында «Басқару және Бизнес» жоғары мектебінің бірінші курс студентеріне арналған «Студенттік Арнау» мерекелік іс-шарасы болып өтті. Іс-шараға ЖМ деканы М.Қ.Сейдахметов, декан орынбасарлары мен кафедра меңгерушілері және бірінші курс студенттері, Жастар орталығының директоры З. Орынбеков, студенттік кеңес мүшелері қатысты. Биылғы жылы оқуға қабылданған бірінші курс студенттері үш тілде Ант қабылданды. Барша ЖМ бірінші курс студенттерін еліміздегі алдыңғы қатарлы ЖОО-ның студенттері атануымен шын жүректен құттықтаймыз!!!

«Басқару және Бизнес» жоғары мектебінің бірінші курс студенттерінен құралған командасы қорытынды есеп бойынша 2019-2020 оқу жылындағы ХІІІ спартакиадасының чемпиондары атанып, Ректор кубогын жеңіп алды. Құттықтаймыз!!!

2019 жылдың 1-10 қазан аралығында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Денсаулық» бағдарламасы бойынша Рухани жаңғыру және Жастар жылы аясында 1 курс студенттері арасында факультетаралық 2019-2020 оқу жылындағы ХІІІ спартакиадасы өтті. Оннан астам спорт түрінен болған сайыста жалпы командалық есепте «Басқару және Бизнес» жоғары мектебінің бірінші курс студенттерінен құралған командасы жүлделі орындарды жеңіп алып, қорытынды есеп бойынша 2019-2020 оқу жылындағы ХІІІ спартакиадасының чемпиондары атанып, Ректор кубогын жеңіп алды. Құттықтаймыз!!!

Беттер