Факультет жаңалықтары

Ғылыми кеңес қабылдаған шешімін жүзеге асыру мақсатында жоғары мектепте Кеңейтілген Кеңес өткізілді.

8 қазан күні университет Мәжіліс залында Университет Ғылыми хатшысы Л.М.Сатаева және Басқару және бизнес жоғары мектебінің оқытушы-профессорлар құрамымен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 2019жылы 27тамыз айында өткен Кеңейтілген Ғылыми Кеңес мәжілісінде ректор Д.П.Қожамжарованың «2015-2020 ж.ж университеттің Стратегиялық дамыту жоспарын жүзеге асыру аясында 2019-2020 оқу жылына арналған міндеттер» тақырыбында жасалған баяндама негізінде Ғылыми кеңес қабылдаған шешімін жүзеге асыру мақсатында жоғары мектепте Кеңейтілген Кеңес өткізілді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Жолдауын түсіндіру және «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім.

26 қыркүйек күні «Ақпараттық білім беру орталығының «Елбасытану» ғылыми-әдістемелік орталығында, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Жолдауын түсіндіру және «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағыты бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де қоғамдық сананы жаңғыртудың жобалық кеңсесінің басшысы Г.А.Жанысбекова және Басқару және Бизнес жоғары мектебінің студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

«Басқару және Бизнес» жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы С.Ертаевпен студент жастар арасында кездесу болып өтті.

18.09.2019ж. күні  Шымкент қаласы Әділет департаментінің мамандары мен «Басқару және Бизнес» жоғары мектебінің ұйымдастыруымен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген  «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы С.Ертаевпен студент жастар арасында кездесу болып өтті. Кездесу ашық сұхбат, сұрақ-жауап түрінде өтті. Жеңімпаз студент жастарға көптеген қызықты мәліметтер айтып, сұрақтарына жауап берді.

«Басқару және Бизнес» жоғары мектебінің студенттері театрға барып, А.Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық ай» музыкалық қойылымын тамашалап, керемет әсер алып қайтты.

2019 жылдың 17-27 қыркүйек аралығында  Елбасымыздың «Рухани жаңғыру Болашаққа бағдар» мақаласы аяында қаламыздағы Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры қыркүйек айында көрермендерге үш қойылым көрсетуді жоспарлап, 17 қыркүйек күні аталған кестеге сай «Басқару және Бизнес» жоғары мектебінің студенттері театрға барып, А.Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық ай» музыкалық қойылымын тамашалап, керемет әсер алып қайтты. Алдағы уақытта да осында керемет іс-шаралар жалғасын табады деген ойдамыз.

11 қыркүйек күні Университет ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызы және «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Хашимжанов Икрамжон Хажимжанұлы «Басқару және Бизнес» жоғары мектебіндегі Өзбекстандық студенттермен кездесті

2019жыл 11 қыркүйек күні Университет ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызы және Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Хашимжанов Икрамжон Хажимжанұлы  «Басқару және Бизнес» жоғары мектебіндегі Өзбекстандық студенттермен кездесті.

«Басқару және Бизнес» жоғары мектебінің І курс студенттерімен кездесу болып өтті

2019-2020 оқу жылында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың студенттеріне ішкі тәртіп ережелерімен, университетіміздегі студенттерге қажетті мүмкіндіктерді таныстыру, қоғамдық жұмысқа белсенділігін арттыру мақсатында факультеттер мен жоғары мектептердің І курс студенттерімен кездесу графигіне сәйкес «Басқару және Бизнес» жоғары мектебінің І курс студенттерімен кездесу болып өтті.

Жоғары мектепте «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты президент Жолдауын түсіндіру және насихаттау жұмыстары жүргізілді.

6.09.2019 ж күні Бас ғимарат Акт залында Басқару және бизнес жоғары мектебініе биылғы оқу жылында қабылданған бірінші курс студенттері мен опқ арасында кездесу болып өтті. Кездесу барысында Мемлекет басшысының 2 қыркүйектегі «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Президент Жолдауын түсіндіру және насихаттау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар бірінші курс студенттеріне жоғары мектеп деканы университет жарғысы, ішкі тәртіп ережесі және оқу процессі жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

"БІЛІМ" күні

  2019 жыл 1-ші қыркүйек күні М.Ауезов атындағы ОҚМУ-дың студент жастары мен профессор-оқытушылар құрамы Денсаулық спорт кешенінде "БІЛІМ" күнін атап өтті...

«Өз өлкеңді тану - Рухани жаңғырудың жарқын даңғылы» тақырыбы бойынша байқау

«Рухани жанғыру» бағдарламасы бойынша 2019 жылдың 29 наурызында «Халықаралық туризм және сервис» кафедрасы «Туризм» мамандығының студенттері арасында «Өз өлкеңді тану - Рухани жаңғырудың жарқын даңғылы» тақырыбы бойынша байқау ұйымдастырды...

Беттер